Бас санитар дәрігер: Екі апта карантинде коронавирус жұқтыру қарқыны өскен жоқ

Жарияланды
Қатаң шектеу шаралары енгізілгеннен бастап

Екі апта карантинде коронавирус жұқтыру қарқыны өскен жоқ. Бұл туралы ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz. 

   «23 шілдеде республика бойынша коронавирус инфекциясының 76 799 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 48 202 науқас немесе науқастардың 63 пайызы емделіп шықты. Сырқаттану тәулігіне 1600-1700 жағдай деңгейінде тұрақтанды. 5 шілдеде қатаң шектеу шаралары енгізілген сәттен бастап екі аптада республикада коронавирустың 21 532 жағдайы тіркелді», – деді Айжан Есмағамбетова.

Алдыңғы екі аптамен салыстырғанда сырқаттану бір деңгейде қалып отыр. Қатаң шектеу шаралары енгізілгеннен бастап шілде айында сырқаттану деңгейінің өспегені байқалады.

 

Сондай-ақ оқыңыз