Атаулы әлеуметтік көмекті алуға онлайн қалай өтініш беруге болады?

Бұдан былай әлеуметтік жәрдемақыны egov арқылы алуға мүмкіндік бар

Фото:shutterstock.com

Елімізде әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға тағайындалған атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) алу үшін ендігі кезекте онлайн өтініш қалдыру мүмкіндігі бар. Бұл азаматтардың уақытын үнемдеп, тиімділікті арттырады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік мекемелерде адамдардың көптеп жиналуын болдырмау және коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайту мақсатында осындай қадамға барып отыр. 

    Министрлік мәліметінше, әкімдіктер мен халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінетін азаматтар үшін алфавиттік тәртіппен өтініш беру графигі көзделген.

«Халықтың жаппай шоғырлануын болдырмау үшін Еңбекмині мемлекеттік инстанцияларға тиісті ұсыныс берді. Сондай-ақ, III тоқсанда АӘК тағайындау мерзімі ұзартылмайды. Айта кетейік, I тоқсандағы атаулы әлеуметтік көмек алушыларға сол кезде төтенше жағдай режимінің әрекет етуіне байланысты төлемдер тағайындау мерзімі ұзартылған болатын» делінген ведомство хабарламасында.

    2020 жылдың алғашқы бес айында АӘК-ті 122,3 мың отбасы алған. Бұл дегеніңіз 629,9 мың адам қаржылық қолдауды сезіне алды дегенді аңғартады. Әлеуметтік топтама аясында 1-6 жас аралығындағы балалар азық-түлік және тұрмыстық химия тауарлар жиынтығымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар 6-18 жас аралығындағы балаларға мектепте ыстық тамақ, оқу құралдары және мектеп киімдері беріледі. Ал осы санаттағы балаларды жол жүру ақысы да мемлекет есебінен төленбек. 

  1. АӘК-ке онлайн өтініш беру үшін egov.kz порталына ЭЦҚ кілт арқылы кіру қажет. Кірген соң оң жақ бұрыштағы батырманы басып, «Электронды өтініштерді» таңдау керек. 
  2. Әрі қарай «Онлайн тапсырыс беруге» өтесіз. 
  3. Өтініш беруші жеке кабинеті арқылы кіріп, «құру» батырмасын басады. 
  4. Содан кейін арнайы бет ашылып, өтініш беруші толтыруы тиіс жолақтар пайда болады. Ол жерде әлеуметтік төлемақы алудан үмітті кісі өзінің жеке деректерін (аймақ, мекен-жайы, телефоны, т.б. мәліметтері) енгізеді. Өтініш толтыру кезінде «мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» нұсқасын таңдау керек. 
  5. Сонымен қатар құжаттардың фотосуреті немесе сканерлі көшірмелерін де қоса ұсыну маңызды саналады. Қажетті тізімді «Қажетті құжаттар тізімі» сілтемесіне өту арқылы көре аласыз. Барлығы дұрыс толтырылғаннан кейін екінші қадамға өтесіз.
  6. Ол жерде сертификатты таңдау (ЭЦҚ кілт) қажет болады. «Сертификатты таңдау» батырмасын басып, өзіңіз арнайы папкаға сақтаған «RSA…» деп басталатын файлды орналастырасыз. Одан соң парольді жазасыз. Әрі қарай сіздің сұранысыңыз тиісті мекемеге жолданып, қарастырылатын болады. 

Еске сала кетейік, осы жылдың III тоқсанында мемлекетке өтініш жолдамай-ақ АӘК алуға мүмкіндік бар. Яғни, II тоқсанда осы әлеуметтік көмекті алған азаматтардың отбасындағы орташа табыс өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аспайтын болса онда III тоқсанда көмек автоматты түрде тағайындалады. 

Ал азаматтар ЭЦҚ кілтін ашу бойынша мына сілтемеге өтіп, таныса алады. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Шетелде оқу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыра аласыз. Ол қалай?

Конкурсқа қатысу онлайн жүзеге асады

Фото: Shutterstock

Жаз – талапкерлердің жаппай оқуға құжат тапсыратын, ғылым-білімге қатысты болашағына жоспар құратын белсенді мезгіл. Елімізде шет мемлекетке барып білім алғысы келетін жастар да көп. Олар үшін «электронды үкімет» порталында жақсы мүмкіндік қарастырылған. 

Бұдан былай шетелдегі оқу конкурстарына қатысу үшін білім беру саласындағы халықаралық шарттар аясында үйде отырып-ақ құжат тапсыруға болады. Пайдаланушы білім алғысы келетін ел мен мамандықты порталда көрсете отырып, «бакалавриат», «магистратура», резидентура» және «докторантура» дәрежелеріне құжат тапсыра алады.


Қызметті тұтыну үшін алдымен порталда авторизация жасайсыз. Содан кейін «Білім» қосымша бетіне кіріп, «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» дегенді таңдап, қызметке тапсырыс бересіз. 

Әрі қарай білімі, отбасылық жағдайы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізіп, барлық қажетті бағандарды толық толтырып, ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қоясыз. Бұл қызмет жеке тұлғаларға бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 

 Еске салайық, жақында білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық бағдарламасына құжаттар қабылдау басталғанын жария етті. Бағдарлама арқылы азаматтар магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша білім алады. Бұл конкурсқа қатысу үшін де құжаттарды eGov порталы арқылы онлайн жолдауға мүмкіндік бар. Құжат қабылдау 2020 жылдың 27 шілдесі мен 31 қазаны аралығында жүргізіледі. 

Министрлік дерегіне сүйенсек, биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр. Сондай-ақ бағдарлама аясында оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

qazexpocongresskz.jpg