Астана күніне орай Алматыда жаңа скверлер ашылды

Биыл қалада 200 көшені жөндеу жоспарлануда

Фото: Алматы әкімдігінің Telegram каналы

Астана күнін мерекелеу қарсаңында Алматы қаласында халық өмірінің сапасын арттыруға арналған бірқатар нысандар іске қосылуда. Бұл туралы Алматы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.

Алматыда бос уақытты өткізуге арналған үш жаңа қоғамдық алаң ашылды. Олардың арасында «Будённый» және «Маяк» скверлері, сонымен бірге, Жамбыл көшесінің бойы мен Қожамқұлов көшесінің бұрышындағы учаскені абаттандыру жұмыстары бар. Басты мақсат — қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы микроклимат жасау.

«Алматы-2050» стратегиясында белгіленген міндеттерге сәйкес, қала әкімшілігінің қызметінде басымдық берілген бағыттарының бірі қалада қолайлы орта қалыптастыру болып табылады. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен қаланы абаттандыру бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде және түрлі жобалар, атап айтқанда, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Қатысу бюджеті» бағдарламаларының аясында жүзеге асырылуда.

Қала тұрғындарына қолайлы өмір жағдайларын жасау мақсатында «Будённый» және «Маяк» скверлері іске қосылды.

«Будённый» скверінің жалпы аумағы 1,1 га құрайды, кеспе  (брусчатка)жабынының аумағы – 2150 шаршы метрді, асфальт жабынының аумағы – 1579 шаршы метрді құрайды. Тұрғындар үшін скверде қолайлылық және қауіпсіздік жасау үшін оның аумағына заманауи 50 LED жарықшамдары орнатылған. Сонымен бірге, 16 жаттығу құрылғылары бар воркаут алаңдардың 4 түрі бар.

«Маяк» скверінде футбол алаңы, стрит-болл алаңы, сондай-ақ, жаттығу құралдары бар 2 воркаут алаңы бар.

Сонымен бірге, мереке қарсаңында Жамбыл көшесі бойы мен Қожамқұлов көшесінің бұрышындағы учаскені абаттандыру жұмыстары аяқталды. Алаңда скейтте, самокатта сырғанау, велосипед тебу сияқты заманауи спорт түрлерімен айналысу үшін барлық жағдайлар жасалған.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қаланы абаттандыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын еске саламыз. 2019 жылы 140-тан астам көше жөнделді, 2020 — 200 көшені жөндеп, тұрғындарға қолайлы болу үшін жер үсті жаяу жүргіншілер өтетін жоларды салу жоспары бар. 11 жобаны жүзеге асыру басталды, олардың арасында саябақтарды, скверлер мен көшелерді абаттандыру, өзен арналарының учаскелерін реконструкциялау және басқалары бар.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Әлеуметтік маңызы бар 24 қызметке қалай онлайн тапсырыс беруге болады?

Қажетті құжаттарды үйден шықпай-ақ алыңыз

Фото: Shutterstock

Соңғы уақытта көпшілік eGov.kz порталын жиі пайдалана бастады. Порталды тек қана 42 500 теңгеге өтініш беру үшін ғана емес, басқа да қызметтері үшін жиі қолдануға мүмкіндік бар. 

    Көбіміз біле бермейтін, білсек те мән бермейтін қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» порталында самсап тұрғанын ескеру керек. Бір емес, 24 қызмет түрін үйде отырып-ақ рәсімдеуге болады. Аталған 24 қызметтің барлығы дерлік еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік көмек көрсету жобалары. 

    Қызмет түрін алу үшін алдымен порталға авторизация жасау қажет. Яғни, өзіңіздің жеке ЭЦҚ кілтіңізді ашасыз. Оны қалай ашу керегін мына сілтемеге өтіп түсініп алсаңыз болады. Одан кейін басты бетте орналасқан «Электронды өтініштер» сервисін таңдап, әрі қарай қызметке тапсырыс бересіз. «Онлайн сұрау» сервисін таңдаған соң «құру» батырмасын басасыз. Одан әрі жаңа терезе ашылып, сол жерден «мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы» бағанында қажетті көрсетілетін қызметті таңдап, бағандарды толтырып шығасыз. Кейін сол қызметке жауапты болып саналатын мемлекеттік органды белгілейсіз. Содан соң тиісті құжаттарды бірге тіркеп, өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қойып, жолдайсыз. 

    «Электронды өтініштер» сервисі көмегімен мына қызметтерді онлайн алуға болады: 

•    Мүгедектерде протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу; 
•    Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету; 
•    Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу; 
•    Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға жәрдемақы тағайындау; 
•    Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау; 
•    Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту; 
•    Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау; 
•    Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау; 
•    Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау; 
•    Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау; 
•    Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау; 
•    Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау; 
•    Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру; 
•    Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін ҚР азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау; 
•    Ақталған адамға куәлік беру; 
•    Мүгедектігі және /немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және /немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау; 
•    Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды рәсімдеу; 
•    «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту; 
•    Көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау; 
•    Жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау; 
•    Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту; 
•    Мүгедектерге кресло-арбалар беру; 
•    Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету; 
•    Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу. 

Қажетті құжаттар тізімімен және өтініш үлгісімен қызметті таңдаған кезде көрсетілетін сілтеме бойынша өтіп, порталда танысуға болады.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg