Алыпсатарлар 250 теңге тұратын “Аскорбин қышқылын” 5 000 теңгеден сатқан

Халықтың қиын жағдайын пайдаланушылар көбейіп жатыр

Фото:Polisia.kz. 

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі жергілікті рейдтік іс-шараларды өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Тексерулердің мақсаты – карантин уақытында қажетті дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін пайдаланып, жоғары сұранысқа ие болған респираторлық вирустық аурулардан емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқан дәріхана қызметкерлері мен азаматтарды анықтау.

Рейд барысында дәрі-дәрмектерді жаппай сатып алуды ұйымдастырған адамдар анықталды. Олар дәрі-дәрмектің жасанды тапшылығын тудырып, кейін дәрілерді нақты құнынан бірнеше есе артық бағамен қайта сатқан. Дәрі-дәрмектерді қайта сатудың көптеген фактілері еліміздің барлық өңірінде анықталды.

 Кәсіпкерлер дәрі-дәрмектерді “сөреден” сатып алып, фискалдық чектерді шығармай сатқан. Салдарынан адамдар дәрілерді қымбат бағаға алуға мәжбүр болған. 

Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында полицейлер қорғаныс құралдарын заңсыз сатудың жолын кесті. Жергілікті тұрғыннан медициналық маскалар, комбинезондар, термометрлер, медициналық көзілдіріктер мен антисептикалық құралдар тәркіленді. Сонымен қатар, әйел адам интернет-ресурстардағы хабарландыру арқылы “Парацетамол”, “Ингавирин”, “Цефтриаксон”, “Азитромицин” сияқты аса қажетті дәрі-дәрмектерді заңсыз сатқан.

 “Нұр-Сұлтан” қаласындағы ОСО-ның бірінің тұрағында ер адам ұсталды, оның автокөлігінен аталған дәрілік препараттары бар екі қорап табылды.

 Шымкент қаласында “Левомак” медициналық препаратын 12 000 теңгеге сатқан жергілікті тұрғын полицияға жеткізілді. Ол дәрі бағасын өз бағасынан алты есе қымбатқа сатқан. Дәріханада провизор болып жұмыс істейтін Шымкент қаласының тағы бір тұрғыны “Дексаметазон-Аджио” препаратының ампулаларын 5 000 теңгеден сатқан, ал оның негізгі бағасы – 600 теңге. 

Түркістан облысында ер адам “Аскорбин қышқылын” 5 000 теңгеден сатқан, оның негізгі бағасы – 250 теңге. 
Осыған ұқсас фактілер Алматы қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында анықталды. Рейдтің бірінші күні полицияға барлығы 21 адам жеткізілді, олардан 3500-ден астам дәрілік заттар тәркіленді, оның ішінде “Ацетилсалицил қышқылы” – 2100 орам, “Парацетамол” – 589 орам, “Цефтриаксон” – 230 ампула, сондай-ақ 17 800 медициналық маска, бір рет қолданылатын 60 қолғап, 105 қорғаныс халаты (комбинезондар), 80 қорғаныс көзілдірігі, 79 термометр және 100-ден астам антисептикалық құралдар (300 литр). Барлық анықталған фактілер бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетін болады. 

Ішкі істер министрлігі дәрі-дәрмектерді заңсыз сатуға тап болған тұрғындарды, сондай-ақ мұндай фактілер анықталған жағдайда жақын жердегі аумақтық полиция бөлімшелеріне немесе “102” және “112” телефондары арқылы хабарлауға шақырады. Рейд жалғасып жатыр.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Шетелде оқу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыра аласыз. Ол қалай?

Конкурсқа қатысу онлайн жүзеге асады

Фото: Shutterstock

Жаз – талапкерлердің жаппай оқуға құжат тапсыратын, ғылым-білімге қатысты болашағына жоспар құратын белсенді мезгіл. Елімізде шет мемлекетке барып білім алғысы келетін жастар да көп. Олар үшін «электронды үкімет» порталында жақсы мүмкіндік қарастырылған. 

Бұдан былай шетелдегі оқу конкурстарына қатысу үшін білім беру саласындағы халықаралық шарттар аясында үйде отырып-ақ құжат тапсыруға болады. Пайдаланушы білім алғысы келетін ел мен мамандықты порталда көрсете отырып, «бакалавриат», «магистратура», резидентура» және «докторантура» дәрежелеріне құжат тапсыра алады.


Қызметті тұтыну үшін алдымен порталда авторизация жасайсыз. Содан кейін «Білім» қосымша бетіне кіріп, «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» дегенді таңдап, қызметке тапсырыс бересіз. 

Әрі қарай білімі, отбасылық жағдайы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізіп, барлық қажетті бағандарды толық толтырып, ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қоясыз. Бұл қызмет жеке тұлғаларға бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 

 Еске салайық, жақында білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық бағдарламасына құжаттар қабылдау басталғанын жария етті. Бағдарлама арқылы азаматтар магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша білім алады. Бұл конкурсқа қатысу үшін де құжаттарды eGov порталы арқылы онлайн жолдауға мүмкіндік бар. Құжат қабылдау 2020 жылдың 27 шілдесі мен 31 қазаны аралығында жүргізіледі. 

Министрлік дерегіне сүйенсек, биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр. Сондай-ақ бағдарлама аясында оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg