Алты облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жарияланды
Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін

Еліміздегі алты облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап. 

27 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Нұр-Сұлтанда күр күркіреп, найзағай жарқылдайды. 

27 шілдеде түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз өңірдің оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық сақталады.

27 шілдеде күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні нөсер кезінде 18 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Ертең күндіз Павлодар қаласында найзағай жарылдайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы нөсер кезінде 18 м/с жетеді.

 27 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз кей жерлерде дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. 

27 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап. Күн күркірейді. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертен кей жерлерде тұман түседі. 

27 шілдеде күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Өңірде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
 

Сондай-ақ оқыңыз