Алматының 105 дәріханасы 70 пайызға дәрімен қамтамасыз етілді

 Қаланы дәрімен қамтамасыз ету үшін бюджеті 5 млрд.теңге болатын қор құрылды

Фото: Shutterstock

Қалалық дәріханаларда белгілі дәрілік препараттарға сұраныстың артуына байланысты, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен Алматы қаласындағы дәрімен қамту мәселесін шешу үшін қосымша шаралар қабылданды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев және ҚР фармацевтикалық қызметті дамыту және қолдау қауымдастығының президенті Марина Дурманова Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында хабарлады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.

Осыған дейін хабарланғандай, Қазақстанға дәрілік препараттарымен 3 борт келген болатын. Қосымша 3 млн астам дәрі күтілуде, оның ішінде қызуды түсіретін препараттар, антикоагулянттар және антибиотиктер бар. Қазіргі уақытта айналымы 70 пайызды құрайтын қажетті дәрілік құралдармен Алматы қаласында 105 дәріхана қамтамасыз етілген. Қалада, сонымен бірге, дәріханаларда дәрілердің бар-жоқтығы мен олардың бағаларына қатысты тұрақты мониторинг жүргізілуде: препарат болмаған әрбір жағдай жеке қарастырылып, пысықталады.

Нарықты тұрақтандырып, дәрілік заттардың уақтылы жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында өнімдер сертификатын алуды және бір реттік  енгізу  (әкелу) барысын жеңілдету, сонымен бірге, дәрілерді тіркелмеген қаптамамен енгізуге рұқсат ету бойынша шешімдер қабылданды.

Алматы қаласының  дәріханалары мен стационарлы ауруханаларын  дәрі-дәрімекпен тоқтаусыз қамтамасыз ету үшін бюджеті 5 млрд.теңге болатын қалалық тұрақтандыру қоры құрылды. Қордың басты қызметі препараттарды жеткізу тоқтап қалған жағдайда шұғыл түрде әрекет етуге арналған қажетті резерв құру болып табылады.

 «Медикаменттер мен жеке қорғаныс құралдарын отандық өндірушілердің өндіруі бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, жыл соңына дейін, фармацевтикалық кластерді құру жоспарлануда. Осының бәрі импортқа тәуелді болмау үшін жасалуда», — деді Сапарбек Тұяқбаев.

Алматы қаласында жататын орындар қорының көбеюінен стационарлы ауруханалардағы науқастар саны көбейіп, дәріге де сұраныс артты. Осыған байланысты әкімдік бастамасымен медикаменттерді, шаруашылық тауарлар мен ауыз суды қала стационарларына тәулік бойы жеткізетін штаб құрылды. Сапарбаек Тұяқбаев сонымен қатар, стационарлы ауруханалардың жанында дәрігер жазған дәрілер тегін берілетін дәріханалардың бар екенін айтып өтті.

 «Қазір қала нарығын дәрілік препараттармен қамтуға арналған барлық қажетті шаралар қабылданды», — деп қорытындылады Марина Дурманова.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Қазақстанда карантинді біртіндеп жеңілдету жоспарланып отыр

Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақтанған

Фото: Асқар Ахметуллин

Үкімет басшысы Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына ұсынуды тапсырды. 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, елдегі эпидепиологиялық ахуалдың біршама тұрақтануы 5 тамызға дейін жариялаған карантинді біртіндеп жеңілдетуге мүмкіндік береді. 

Қазіргі кезде елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асып, соның ішінде  73702 пациент емделіп шықса, 1269 адам қайтыс болды. Сонымен қатар КВИ белгілері бар пневмонияны 13 337 адам жұқтырған, бұл аурудан 173 адам көз жұмды. 

«Жалпы қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде еліміздегі коронавирустың таралуы деңгейі және осыған байланысты барлық көрсеткіштер қарқынды төмендеуі тіркеліп отыр. Соның ішінде вирустық репродуктивтілік деңгейінің орташа көрсеткіші 0,82 пайызға дейін төмендеді. Емделіп шыққандардың үлесі 73,6 пайызды құрап отыр», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Алексей Цой  келтірген мәлімет бойынша, вирус репродуктивтілігі немесе 1 науқастың өзгелерге жұқтыру көрсеткіші 1,72 болатын. Карантин енгізгеннен кейін репродуктивтілік көрсеткіші екі есе, 0,82-ге дейін төмендеген. Бес апталық каран ин кезінде ауру-сырқауда азайған. Керентинге дейін 100 адамғар шақққанда 56,73 адама вирус жұқтырса, шектеу шараларының арқасында бұл сан 36,2 дейін азайған. 

Осы аралықта ауруханадағы орындар жүктемесі 62%-ға азайған. Мобильді бригадалардың қатары 7,6 есе өсіп, қазір 3640 бригада жұмыс істеп тұр. Жедел жәрдем шақыру 62%-ға,  жалпы ел бойынша аурудың күн сайынғы өсімі 2 есе төмендеген. 

«Караннтиді тек қатаң түрде маска тағып, бұкіл ақпарат арналары арқылы  халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу арқылы ғана жеңілдету керек», – деді Цой. 

Карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету жайлы нақты жоспар бейсенбі күнгі үкімет отырысында қаралатын болады. 

 

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg