Алматыда онкологиядан 7 мың науқас емделді

Қалада жыл сайын төрт мыңға жуық қатерлі ісік аурулары анықталады

Фото: Shutterstock

COVID-19-бен байланысты, карантин шараларының енгізілгеніне қарамастан, Алматының онкологиялық орталығы науқастарды амбулаторлық қабылдап, диагностикалық зерттеу және науқастарға емдеу жүргізеді. Бұл туралы Алматы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.

Алматылық онкологиялық орталық директоры Нұрсұлтан Ізмағамбетов өңірлік коммуникациялар қызметіндегі онлайн интервью барысында коронавирус пандемиясы кезінде онкологиялық аурулармен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша жұмыстар қалай өтетінін айтты.

Айтылған ақпаратқа сәйкес, Алматыда жыл сайын төрт мыңға жуық қатерлі ісік аурулары анықталады. Алғашқы жартыжылдықта Орталықта жеті мыңнан астам науқас емделді. 

 «Бүгінгі таңда шамамен мыңға жуық операциялар жасалды, бес жарым мыңға жуық адам химиятерапия курсын алды және 500 адам сәулемен емдеуден өтті. Біздің негізгі міндеті – науқастарды ертерек анықтау, 100% емдеумен қамтамасыз етілді», — деп атап өтті ол.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Ертіс ерекше қорғауға алынбақ

Экологтар қоршаған ортаны ластайтын зауыт салмауды ұсынды

Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысының қоғамдық бірлестіктерінің бір топ өкілі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевпен жүздесіп, өзекті мәселелерді ортаға салды. 

Алдымен, экологтар облыс бойымен өтетін Ертіс өзеніне ерекше мәртебе беріп, оны қорғауға алу қажеттігін алға тартты. «Эком» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Могилюктың айтуынша, бүгінде жасыл белдеу саналатын өзен мақсатсыз пайдалануда.  

Екінші мәселе – қоршаған ортаға қалдық шығаратын зауыттардың құрылысына тыйым салу. 

«Біз зиянды қалдықтар шығаратын жаңа кәсіпорындардың салынбауы үшін шаралар қолдануды сұраймыз. Көп жағдайда аймақтағы өндіріс орындарында ескірген технологиялар қолданылады. Олар да қоршаған ортаға залалын тигізбей қоймайды. Осы уақытқа дейін салынған зауыттардың өзі жетер. Экономикалық тиімділіктен бұрын экологиялық ахуалды ойлайтын кез жеткен сыңайлы», - деді Светлана Могилюк. 

Өз кезегінде Мағзұм Мырзағалиев қоғам белсенділері көтерген әр мәселе назарға алынатынына әрі тиісті шаралардың қолға алынатынына сендірді. 

«Павлодар облысы негізгі ластаушылардың бірі екені жасырын емес. Елімізде ауаға шығарылатын қалдықтардың 30 пайызы дәл осы өңірге тиесілі. Сондықтан экологтар көтеріп отырған мәселелер орынды. Біріншіден, зауыт басшылықтарымен қалдықтардың көлемін азайтатын жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыс істеу керек. Екіншіден, жасыл желекті айтарлықтай көбейту қажет. Үшіншіден, Ертіс өзеніне ерекше мәртебе беру бастамасын қолдаймыз және осы бағытта жұмыс істейміз», - деп түйіндеді министр. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg