Алматыда дәрі-дәрмектің тұрақты қорын жасау үшін 5 млрд теңге бөлінді

Дәрі-дәрмек жеткізушілерді 6-8 ай мерзімге пайызсыз несиелендіру үшін

Фото: Аскар Ахметулин

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін өткізген жұмыс кеңесі барысында фарминдустрия өкілдерімен мегаполиске дәрі-дәрмектерді жеткізу мәселесін талқылады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қала әкімі Facebook-тағы өзінің парақшасында дистрибьюторлық компаниялар және дәріханалар желілері басшыларымен кезекті кездесуді жедел жағдайды әрі дәрі-дәрмек препараттарына деген сұранысты қамтамасыз етудің қажетті шараларын талқылау мақсатында өткізгенін жазды.

   «Таңертең дәрілік препараттарға сұранысты қамтамасыз ету және жедел жағдай бойынша қажетті шараларды талқылау үшін фарминдустрия өкілдерімен кезекті кездесу өткіздім. Келіп түскен дәрі-дәрмектер дәріхана сөрелеріне бір тәуліктің ішінде қойылады. Бүгін Ресейден препараттардың ірі партиясы келеді. Шамамен 55 тонна дәрілік заттар, соның ішінде ковидке қарсы – ыстықты түсіретін және антикоагулянттар бар. Шілде айының соңына дейін әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектердің 4,2 млн қаптамасы жеткізіледі деп күтілуде», - деді Сағынтаев.

Қала әкімі қол қойылған меморандум аясында қаланың барлық аудандарындағы 105 дәріханаға өте қажет препараттардың 41 түрі тұрақты жеткізілетінін еске салды.  


Дәріхана желілері мен дистрибьюторлық компаниялар басшылары дәрі-дәрмек жеткізудің реттелгенін айтты. Қол қойылған меморандум аясында қаланың барлық аудандарындағы 105 дәріханаға өте қажет препараттардың 41 түрі тұрақты жеткізілуде. 1 шілдеден бастап дәріханалар әлеуметтік маңызы бар 581 мың дәрі-дәрмек қаптамасын алды. Жалпы, бүгінгі күні 105 дәріхана мен жеткізушілердің қоймаларында 1,8 млн қаптамадағы қажетті  дәрі-дәрмектер бар.

Қала әкімі дәрі-дәрмектің тұрақты қорын жасау жөніндегі жобаны жүзеге асыру туралы айтты.

  «Келесі қадам – дәрілердің тұрақтандыру қорын құру. Дәрі-дәрмек жеткізушілерді 6-8 ай мерзімге пайызсыз несиелендіру үшін 5 млрд тг бөлінді. Бұл – дәрі-дәрмектерді ағымдағы баға бойынша сатып алып, нарықтың құбылмалы жағдайына байланысты біртіндеп пайдалануға беру үшін жасалды», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Бүгінгі күні қаланың 105 дәріханасында және жеткізушілердің қоймасында әлеуметтік маңызы бар 1,8 млн дәрі- дәрмектер қаптамалары, оның ішінде 1 млн парацетамол, 377 мың аспирин, 221 мың ибупрофен, 75 мың азитромицин, 27 мың амоксиклав және басқа дәрілер, сонымен қатар, дәріханаларда 5928 термометр бар.

Сұранысты қамтамасыз ету үшін 105 дәріханаға қажетті дәрілерді дереу жеткізу ұйымдастырылды. 1 шілдеден бастап қала дәріханаларына әлеуметтік маңызы бар  581 мың препараттар, оның ішінде 283 мың парацетамол, 129 мың аспирин, 36 мың ингавирин, 29 мың ибупрофен, 28 мың азитромицин және басқа дәрілер, сонымен қатар  30 мың термометр жіберілді.

Еске салсақ, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша, дәрі-дәрмек жеткізу жағдайын тұрақтандыру үшін қала әкімдігі, жеткізушілер мен дәріханалар желісі өзара келісімге қол қойып, нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектің 41 түрі дереу жеткізілетін 105 дәріхана анықталған болатын. Осының  арқасында дәрі-дәрмектерді жеткізу, олардың бағасын көтермеу және бір қолға үш қаптамадан артық дәрі бермеу мәселелері ретке келтірілуде.

Сонымен қатар, аталған 105 дәріханада дәрілердің өтуіне, олардың 10 түрінің және термометрлердің қанша қалғанына күн сайын мониторинг жүргізіледі.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Шетелде оқу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыра аласыз. Ол қалай?

Конкурсқа қатысу онлайн жүзеге асады

Фото: Shutterstock

Жаз – талапкерлердің жаппай оқуға құжат тапсыратын, ғылым-білімге қатысты болашағына жоспар құратын белсенді мезгіл. Елімізде шет мемлекетке барып білім алғысы келетін жастар да көп. Олар үшін «электронды үкімет» порталында жақсы мүмкіндік қарастырылған. 

Бұдан былай шетелдегі оқу конкурстарына қатысу үшін білім беру саласындағы халықаралық шарттар аясында үйде отырып-ақ құжат тапсыруға болады. Пайдаланушы білім алғысы келетін ел мен мамандықты порталда көрсете отырып, «бакалавриат», «магистратура», резидентура» және «докторантура» дәрежелеріне құжат тапсыра алады.


Қызметті тұтыну үшін алдымен порталда авторизация жасайсыз. Содан кейін «Білім» қосымша бетіне кіріп, «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» дегенді таңдап, қызметке тапсырыс бересіз. 

Әрі қарай білімі, отбасылық жағдайы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізіп, барлық қажетті бағандарды толық толтырып, ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қоясыз. Бұл қызмет жеке тұлғаларға бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 

 Еске салайық, жақында білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық бағдарламасына құжаттар қабылдау басталғанын жария етті. Бағдарлама арқылы азаматтар магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша білім алады. Бұл конкурсқа қатысу үшін де құжаттарды eGov порталы арқылы онлайн жолдауға мүмкіндік бар. Құжат қабылдау 2020 жылдың 27 шілдесі мен 31 қазаны аралығында жүргізіледі. 

Министрлік дерегіне сүйенсек, биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр. Сондай-ақ бағдарлама аясында оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

qazexpocongresskz.jpg