Алматы парацетомолмен толық қамтамасыз етіледі

Жарияланды
Келесі аптада қалаға  тағы 2 млн жуық дәрі әкелінеді

Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту Қоғамдастығының басшысы Марина Дурманова Алматының қоймаларында қабынуды тоқтататын және ыстықты түсіретін препараттардың жеткілікті мөлшерде бар екенін айтты. Бұл туралы Алматы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.

М. Дурманова қазіргі кезде қала әкімдігінің қолдауы арқасында өндірушілермен және ірі жеткізушілермен бірге халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрі жасалып жатқандығын хабарлады.

 «Біріншіден, бұл препараттар Денсаулық сақтау министрлігінің хатттамасында жазылған. Олар – парацетамол, аспирин, ибупрофен. Яғни, қабынуды тоқтатын, ыстықты түсіретін дәрілер. Айтар болсақ, парацетамол қалаға қажетті мөлшерде жеткізілді. 30 мың термометр сатылымға түсті. Енді тағы 40 мыңын жеткізу жоспарланған. Келесі аптада тағы 2 млн жуық парацетомолды тасымалдау жоспарда бар. Көтерме сауда компаниялары тасымалдайтын болады. Демек, Алматы парацетомолмен толық қамтамасыз етіледі», — деді М. Дурманова.

Бұлардан өзге, оның айтуы бойынша қала дәріханаларына система қоятын және шприц сияқты түрлі медициналық заттар да толығымен жеткізіледі.

Қауымдастық басшысы дәріханалар  алдындағы кезектер туралы да  сөз етті. Мұнда  Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша санитарлық ережелер мен нормалар және әлеуметтік қашықтық міндетті түрде сақталуы тиіс.

 «Кезекті азайту үшін біз адамдардың барлығын бірден ішке кіргізе алмаймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін келушілер арасындағы қашықтық кем дегенде 1,5-2 метр болуы тиіс», — деді М. Дурманова.

Еске салсақ, бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев фарминдустрия өкілдерімен дәрі-дәрмектер мен медициналық заттарды үзіліссіз жеткізуді қамтамасыз ету туралы селекторлық кеңес өткізген болатын. Қала әкімі тиісті қызметтерге медициналық препараттар мен заттардың  еш кедергісіз өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Қажет болса салықтық және кедендік әкімгерлікті, сонымен қатар шетелдік тауар сертификаттарын алуды жеделдету қажеттігін қадап тұрып айтты.
 

Сондай-ақ оқыңыз