Алматы әкімдігінде 42500 –ге  өтінімді қызығушылықтан беретіндер туралы айтылды

Табысынан айырылмаса да, төлем алу үшін құжат тапсырып жүрген адамдар да бар

Фото: Shutterstock

Алматы қаласында төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек алуға өтінімді 900 мыңға жуық адам берген. Соның ішінде әлеуметтік көмекті шамамен 441 мың адам алған. Бұл туралы Алматы қаласының әлеуметтік әл-уқат басқармасы бастығының орынбасары Данияр Әлкебайұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

 «Өткен жолы төлемге өтінімді әрбір жұмыскер берген, біз қосымша тексеруді жүргізген жоқпыз. Төлем берілуі тиіс адамдардың барлығына төлем тағайындадық. Қазіргі кезде кеңсе, үйде жұмыс істеп жүрген адамдар туралы мәлімет үшін жауапкершілік жұмыс берушінің мойынында», - деп түсіндірді ол. 

Оның айтуынша, табысынан айырылмаса да, төлем алу үшін құжат тапсырып жүрген адамдар да бар. Осындай оқиғалар төтенше жағдайлар кезіндегі бірінші локдаунда тіркелген.

 «Өткен төлемдер кезінде маған табысынан айырылмай, онлайн-режимде жұмыс істеген бірнеше адам телефон шалған. Алайда олар аталған төлемді алуға өтінімді жіберіп, ақшаны алды. Одан кейін реквизиттер іздеп, ақшаны қайда қайтару керек екенін сұрап жүрген, бұл ақшаның керек емесін айтқан. Оларға берілуі тиіс емес екенін айтты. Ақыры, ақшаны қайтарып берді. Қалада ақшаны саналы түрде 16 адам қайтарды. Менің білуімше, олар бойынша ешқандай арыз талаптар ұсынылған жоқ», - деп қосып өтті Данияр Әлкебайұлы.

 Жалпы алғанда, cоңғы екі айда 42 500 теңгені 441 мыңға жуық адам алған, бұл – 18 миллиардтан астам теңге. Төлем алуға өтінімді 900 мыңға жуық адам берді. Өтінімдердің бір бөлігі түрлі себептер бойынша қабылданған жоқ: кейбір өтінімдер екінші рет берілсе, өтінім берген кей азаматтар мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеген, кейбіреулері мемлекеттің толық қамқорлығында болған. Тіпті, қайтыс болған адамдардың атынан өтінім берген жағдайлар да кездесті», - деп түсіндірді спикер.

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Ертіс ерекше қорғауға алынбақ

Экологтар қоршаған ортаны ластайтын зауыт салмауды ұсынды

Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысының қоғамдық бірлестіктерінің бір топ өкілі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевпен жүздесіп, өзекті мәселелерді ортаға салды. 

Алдымен, экологтар облыс бойымен өтетін Ертіс өзеніне ерекше мәртебе беріп, оны қорғауға алу қажеттігін алға тартты. «Эком» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Могилюктың айтуынша, бүгінде жасыл белдеу саналатын өзен мақсатсыз пайдалануда.  

Екінші мәселе – қоршаған ортаға қалдық шығаратын зауыттардың құрылысына тыйым салу. 

«Біз зиянды қалдықтар шығаратын жаңа кәсіпорындардың салынбауы үшін шаралар қолдануды сұраймыз. Көп жағдайда аймақтағы өндіріс орындарында ескірген технологиялар қолданылады. Олар да қоршаған ортаға залалын тигізбей қоймайды. Осы уақытқа дейін салынған зауыттардың өзі жетер. Экономикалық тиімділіктен бұрын экологиялық ахуалды ойлайтын кез жеткен сыңайлы», - деді Светлана Могилюк. 

Өз кезегінде Мағзұм Мырзағалиев қоғам белсенділері көтерген әр мәселе назарға алынатынына әрі тиісті шаралардың қолға алынатынына сендірді. 

«Павлодар облысы негізгі ластаушылардың бірі екені жасырын емес. Елімізде ауаға шығарылатын қалдықтардың 30 пайызы дәл осы өңірге тиесілі. Сондықтан экологтар көтеріп отырған мәселелер орынды. Біріншіден, зауыт басшылықтарымен қалдықтардың көлемін азайтатын жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыс істеу керек. Екіншіден, жасыл желекті айтарлықтай көбейту қажет. Үшіншіден, Ертіс өзеніне ерекше мәртебе беру бастамасын қолдаймыз және осы бағытта жұмыс істейміз», - деп түйіндеді министр. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg