Ақтөбе обылысында  күн сайын туберкулез ауруханасынан 50-60 мәйіт шығарылады 

Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады

Фото: Shutterstock

Ақтөбе облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары жалған ақпарат таратқандарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Әлеуметтік желілерде коронавирустың таралу жағдайында бұл індет туралы және оның айналасындағы жағдай жөнінде көптеген шындыққа сәйкес келмейтін, тексерілмеген жалған ақпараттар шықты. Жалған ақпарат тез тарайды және тұрғындардың арасында үрей туғызады. Оларға тікелей психологиялық түрде әсер етеді және жағдайдың нашарлауының алдын-алу бойынша елде қабылданатын шараларға кедергі жасайды. 

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Whatsapp мессенжерлерінде күн сайын Туберкулез ауруханасынан 50-60 мәйіт шығарылатыны туралы ақпарат таратылғаны анықталды. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ақпарат авторын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде», – деді облыстық ПД-нің орынбасары Қанат Нұрмағамбетов. 

Жалған ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстық Кодекстің 274 – бабында “Жалған ақпаратты тарату” — бұл қоғамдық тәртіпті бұзуға қауіптөндіретін немесе азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның я мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіретін шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты тарату.

Осы бап бойынша интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде таратылған шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттың авторлары мен таратушылары жауапты болады. Жыл басынан бері жалған ақпарат таратқаны үшін Ақтөбе қаласының үш тұрғынына қылмыстық жауапкершілік тартылды. Тұрғындарды ресми хабарламаларға ғана сенуге және шындыққа сәйкес келмейтін қауесет пен ақпаратты таратпауға шақырамыз.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Шетелде оқу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыра аласыз. Ол қалай?

Конкурсқа қатысу онлайн жүзеге асады

Фото: Shutterstock

Жаз – талапкерлердің жаппай оқуға құжат тапсыратын, ғылым-білімге қатысты болашағына жоспар құратын белсенді мезгіл. Елімізде шет мемлекетке барып білім алғысы келетін жастар да көп. Олар үшін «электронды үкімет» порталында жақсы мүмкіндік қарастырылған. 

Бұдан былай шетелдегі оқу конкурстарына қатысу үшін білім беру саласындағы халықаралық шарттар аясында үйде отырып-ақ құжат тапсыруға болады. Пайдаланушы білім алғысы келетін ел мен мамандықты порталда көрсете отырып, «бакалавриат», «магистратура», резидентура» және «докторантура» дәрежелеріне құжат тапсыра алады.


Қызметті тұтыну үшін алдымен порталда авторизация жасайсыз. Содан кейін «Білім» қосымша бетіне кіріп, «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» дегенді таңдап, қызметке тапсырыс бересіз. 

Әрі қарай білімі, отбасылық жағдайы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізіп, барлық қажетті бағандарды толық толтырып, ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қоясыз. Бұл қызмет жеке тұлғаларға бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 

 Еске салайық, жақында білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық бағдарламасына құжаттар қабылдау басталғанын жария етті. Бағдарлама арқылы азаматтар магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша білім алады. Бұл конкурсқа қатысу үшін де құжаттарды eGov порталы арқылы онлайн жолдауға мүмкіндік бар. Құжат қабылдау 2020 жылдың 27 шілдесі мен 31 қазаны аралығында жүргізіледі. 

Министрлік дерегіне сүйенсек, биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр. Сондай-ақ бағдарлама аясында оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg