1 view

Ақтөбе облысында жергілікті жолдардың 600-ден астам шақырымы жөнделеді

Осы жылдың соңына дейін жолдар жаңартылмақ

Фото: ҚР ИИДМ ресми сайтынан

Қазақстан өңірлерінде облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Ақтөбе облысында осы жылдың соңына дейін жолшылар жолдардың 606 шақырымын жаңартпақ. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 


Нақтырақ айтқанда, биыл мұнда автомобиль жолдары саласында 41 жоба жүзеге асырылуда. Олардың екеуі - жолдарды салу, үшеуі - жолдарды қайта жаңарту, төртеуі - жолдарды күрделі жөндеу, 33-і - жолдарды орташа жөндеу жобалары. 


Айта кету керек, Ақтөбе облысында жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесі 56,5 % құрайды. Жыл соңында аталмыш көрсеткіш 59% дейін ұлғайтылып, жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті автомобиль жолдарының ұзындығы 2,9 мың шақырымды құрайтын болады.

 
Еске салайық, өңірдегі жергілікті жолдардың жалпы ұзындығы 4,9 мың шақырымды құрайды. Олардың 1,2 шақырымы - облыстық, 3,7 шақырымы - аудандық жолдар.


Бұдан бөлек, аймақта республикалық маңызы бар жолдарды салу, қайта жаңарту, жөндеу жобалары жүзеге асырылуда. 


Тиісті жұмыстармен жолдардың 296 шақырымы қамтылатын болады.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер