Ақсу ферроқорытпа зауыты жылына 1 млн. тонна өнім шығарады

Эпидемиологиялық ахуалға қарамастан

Фото: ҚР ИИДМ ресми сайтынан

Ақсу ферроқорытпа зауыты жылына 1 млн. тоннадан астам өнім шығарады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалға қарамастан Ақсу ферроқорытпа зауыты ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруда. Кәсіпорында №22 пешке күрделі жөндеу жүргізілді, осылайша оның өнімділігі 5%-ға артпақ. Жөндеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру 90 күннің орнына 56 күннің ішінде пешті жаңартуға мүмкіндік берді.

Күрделі жөндеу кезінде металлургиялық агрегаттың беріктілігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Пештегі технологиялық операциялардың көпшілігі қазір автоматты түрде жүзеге асырылатын болады. Қазіргі заманғы автоматтандыру жүйелері қуатты тиімді пайдалану және тоқ режимін нақты бақылау есебінен қосымша энергия үнемдеуді ғана емес, сонымен қатар металлургтер еңбегінің жоғары қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Пешке орнатылған қуатты трансформатордың арқасында оның жылдық өнімі шамамен 35 мың метрикалық тонна болатын жоғары көміртекті феррохромды құрайды.

Пандемияға байланысты қысылтаяң уақытта кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істейді және барлық өндіріс процесі ешқандай өзгеріссіз. Жөндеу науқандары да кесте бойынша жүргізілуде. Кәсіпорын электрмен жабдықтаудың беріктілігі мен пеш агрегаттары, қосалқы жабдықтардың тұрақтылығын жақсарту үшін үнемі жұмыс істейді. Жөндеу уақытын оңтайландыру арқылы бұл пеш қосымша 3,4 мың метрикалық тонна феррохром өндіреді.

Ақсу ферроқорытпа зауыты - ERG (Еуразиялық Топ) құрамына кіретін "Қазхром "ТҰК" АҚ филиалы, әлемдегі ірі ферроқорытпа өндірушілерінің бірі болып табылады. Мұнда жыл сайын 1 млн.тоннадан астам өнім шығарылады, оның басым бөлігі алыс шетелдерге экспортталады. Кәсіпорынның бірегейлігі-түрлі маркалы болатты балқытуға қажетті хром, кремний және марганец қорытпаларының ірі көлемді өндірістерін біріктірген.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі жоғары техникалық жетістіктермен және ISO9001:2015 интеграцияланған сапа менеджменті жүйесінің барлық филиалдарында енгізілген және қолданыстағы TUV CERT сертификатымен, ISO 14001:2015 қоршаған ортаны басқару, BS OHSAS 18001:2007 еңбекті қорғау саласындағы менеджмент және ISO 50001:2011 энергетикалық менеджментімен расталған.

Өнім сапасының деңгейін арттыру, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау үшін зауытта қор үнемдейтін және аз қалдықты технологиялар негізінде саланың озық жетістіктерін пайдалана отырып, өндірісті тұрақты жаңғырту жүзеге асырылады.

Экономикалық жетістіктермен қатар, кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуы да бағалы басымдық болып табылады. Мұнда "Қазхром "ТҰК" АҚ-ның Ұжымдық шарты енгізілген, ол Қазақстанның тау-кен металлургия саласындағы ең үздіктердің бірі болып саналады.

Әлеуметтік бағдарлама үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: індетті сауықтыру және алдын алу, демалыс жағдайын жақсарту және салауатты өмір салтын насихаттау. Зауытта 6 мыңнан астам жұмысшы ферроқорытпа өндірісін қамтамасыз етеді. Зауыт қызметкерлері мен олардың балалары кәсіпорын есебінен оқуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға, "Еуразия" медорталығының Ақсу филиалы дәрігерлерінің көмегімен өз денсаулығына қамқорлық жасауға, демалыс үйлерінде, «Ферросплавщик» мәдени-демалыс орталығының объектілерінде демалуға, қаланың және зауыттың жақсы дамыған спорт базасында спортпен айналысуға мүмкіндіктері бар.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Әлеуметтік маңызы бар 24 қызметке қалай онлайн тапсырыс беруге болады?

Қажетті құжаттарды үйден шықпай-ақ алыңыз

Фото: Shutterstock

Соңғы уақытта көпшілік eGov.kz порталын жиі пайдалана бастады. Порталды тек қана 42 500 теңгеге өтініш беру үшін ғана емес, басқа да қызметтері үшін жиі қолдануға мүмкіндік бар. 

    Көбіміз біле бермейтін, білсек те мән бермейтін қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» порталында самсап тұрғанын ескеру керек. Бір емес, 24 қызмет түрін үйде отырып-ақ рәсімдеуге болады. Аталған 24 қызметтің барлығы дерлік еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік көмек көрсету жобалары. 

    Қызмет түрін алу үшін алдымен порталға авторизация жасау қажет. Яғни, өзіңіздің жеке ЭЦҚ кілтіңізді ашасыз. Оны қалай ашу керегін мына сілтемеге өтіп түсініп алсаңыз болады. Одан кейін басты бетте орналасқан «Электронды өтініштер» сервисін таңдап, әрі қарай қызметке тапсырыс бересіз. «Онлайн сұрау» сервисін таңдаған соң «құру» батырмасын басасыз. Одан әрі жаңа терезе ашылып, сол жерден «мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы» бағанында қажетті көрсетілетін қызметті таңдап, бағандарды толтырып шығасыз. Кейін сол қызметке жауапты болып саналатын мемлекеттік органды белгілейсіз. Содан соң тиісті құжаттарды бірге тіркеп, өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қойып, жолдайсыз. 

    «Электронды өтініштер» сервисі көмегімен мына қызметтерді онлайн алуға болады: 

•    Мүгедектерде протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу; 
•    Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету; 
•    Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу; 
•    Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға жәрдемақы тағайындау; 
•    Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау; 
•    Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту; 
•    Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау; 
•    Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау; 
•    Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау; 
•    Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау; 
•    Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау; 
•    Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау; 
•    Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру; 
•    Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін ҚР азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау; 
•    Ақталған адамға куәлік беру; 
•    Мүгедектігі және /немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және /немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау; 
•    Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды рәсімдеу; 
•    «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту; 
•    Көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау; 
•    Жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау; 
•    Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту; 
•    Мүгедектерге кресло-арбалар беру; 
•    Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету; 
•    Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу. 

Қажетті құжаттар тізімімен және өтініш үлгісімен қызметті таңдаған кезде көрсетілетін сілтеме бойынша өтіп, порталда танысуға болады.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg