«Ақша жасауға» тырысқан азаматтар жазаланады 

Б. Сағынтаев дәрі-дәрмек пен жерлеу қызметі бағасының өсуі жайында айтты

Фото: Shutterstock

Алматы басшысы «Ақша жасауға» тырысқан азаматтар жазаланады дәрі-дәрмек пен жерлеу қызметі бағасының өсуі жайында айтты. Бұл туралы Алматы әкімдігінің Telegram  каналы хабарлады.

Бұл жағдай туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасының Akimat Live бағдарламасындағы тікелей эфир барысында қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берген кезде айтты.

Қала әкімі өзінің сөзінде 8 адамның полицияға зират жұмысшыларына қатысты ресми түрде шағымданғанын айтты. Өтініш білдіргендердің айтуынша, олар жерлеу қызметтері үшін қосымша ақы төлеуге мәжбүр болған, оларды белгіленген құнға қосымша 70-тен 80 мың тг дейін төлеуге мәжбүр еткен.

Президент тапсырмаларын орындау мақсатында зират қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекетінің жолын кесу үшін арнайы жедел-тергеу топтары құрылды. Қазіргі уақытта екі азамат қолға түсті. Жерлеу кезінде заңсыздықтың жолын кесу мақсатында басқа да жерлеу орындары тексеріледі.

Дәрілік заттарды заңсыз сату және оларға бағаны көтеру фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында прокуратура, ПД, ЖД, ЖД, ТҚСБҚД, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерінен тұратын мобильді топ құрылды. Бүгінгі таңда осындай 100-ден астам құқық бұзушылық анықталды, олардың 24-і бойынша дәрілік заттарды сату фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелген. Осы істерді тергеу шеңберінде 986 қаптама («Левоцин», «Ингавирин», «Фраксипарин», «Азитромицин» және т. б.) дәрілік заттар, сондай-ақ 8,5 млн дана медициналық маскалар алынып, стационарларға берілді.

Қала дәріханаларында дәрі-дәрмектердің бағасын заңсыз көтерудің барлығы 93 фактісі анықталды. 39 адам ҚР ӘҚБК 426-бабы (фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы ережелерді бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

  «Қалада медициналық бұйымдар мен дәрілік препараттарды алып сататындар байқалды. Олар көтерме саудада ең танымал дәрі-дәрмектерді сатып алып, интернетте хабарландыру берген. Біз әрбір осындай хабарландыруды Алматы қаласының Полиция департаменті арқылы бақылап, сатып алушылар ретінде оларға келіп, одан әрі қажетті шаралар қабылдадық. Осылайша, біз 8,5 млн тг дәрі-дәрмектерді тәркіледік», — деді әкім.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Шетелде оқу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыра аласыз. Ол қалай?

Конкурсқа қатысу онлайн жүзеге асады

Фото: Shutterstock

Жаз – талапкерлердің жаппай оқуға құжат тапсыратын, ғылым-білімге қатысты болашағына жоспар құратын белсенді мезгіл. Елімізде шет мемлекетке барып білім алғысы келетін жастар да көп. Олар үшін «электронды үкімет» порталында жақсы мүмкіндік қарастырылған. 

Бұдан былай шетелдегі оқу конкурстарына қатысу үшін білім беру саласындағы халықаралық шарттар аясында үйде отырып-ақ құжат тапсыруға болады. Пайдаланушы білім алғысы келетін ел мен мамандықты порталда көрсете отырып, «бакалавриат», «магистратура», резидентура» және «докторантура» дәрежелеріне құжат тапсыра алады.


Қызметті тұтыну үшін алдымен порталда авторизация жасайсыз. Содан кейін «Білім» қосымша бетіне кіріп, «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» дегенді таңдап, қызметке тапсырыс бересіз. 

Әрі қарай білімі, отбасылық жағдайы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізіп, барлық қажетті бағандарды толық толтырып, ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қоясыз. Бұл қызмет жеке тұлғаларға бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 

 Еске салайық, жақында білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық бағдарламасына құжаттар қабылдау басталғанын жария етті. Бағдарлама арқылы азаматтар магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша білім алады. Бұл конкурсқа қатысу үшін де құжаттарды eGov порталы арқылы онлайн жолдауға мүмкіндік бар. Құжат қабылдау 2020 жылдың 27 шілдесі мен 31 қазаны аралығында жүргізіледі. 

Министрлік дерегіне сүйенсек, биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр. Сондай-ақ бағдарлама аясында оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

qazexpocongresskz.jpg