Ақмола облысындағы жаңа алтын өндіру фабрикасында 1 мың жұмыс орны ашылады

Жобаға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 105 млрд. теңгені құрайды

Фото: ҚР ИИДМ

Ақмола облысындағы жаңа алтын өндіру фабрикасында 1 мың жұмыс орны ашылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"RG Gold" ЖШС алтын өндіру компаниясы Ақмола облысының Бурабай ауданында орналасқан және Қазақстанның ең ірі кен орындарының бірі – Солтүстік және Оңтүстік Райгородок жер қойнауын пайдалану құқығына ие. Кен орнының ауданы 67,7 шаршы шақырымды құрайды. Компания қызметкерлерінің саны 850-ден астам адам, сондай-ақ мердігерлік ұйымдарда 300-ден астам қызметкерлер еңбек етеді. Өндіріс ошағы қазіргі уақытта қышқылданған кенді жылына 2 млн тонна көлемінде үймелік сілтісіздендіру әдісімен өңдейді және доре қорытпасында жыл сайын 50 мыңнан астам унция алтын өндіреді. Компания тиімділікті арттыру және шығындарды азайту үшін үймелік сілтісіздендірудің жаңа технологияларын үнемі енгізіп отырады.

Жылдық қуаты 5 млн тоннаға дейін бастапқы кенді қайта өңдеу үшін кеңейту бағдарламасы аясында 2018 жылдың қазан айында алтын өндіру фабрикасын салу жобасын жобалау және дизайн жасау мақсатында "RG Processing" ЖШС компаниясы құрылды. CIP әдісімен сульфидті кенді өңдеу бағытындағы жаңа алтын өндіру фабрикасының құрылыс жұмыстары 2022 жылдың үшінші тоқсанында аяқталып, іске қосылады деп жоспарлануда. Бұл ретте барлық өндірілетін өнім жергілікті нарықта сатылады.

Зауыт нөлдік шығару жүйесі бойынша жұмыс істейді, осылайша қоршаған ортаға ластанған су шығарылмайды. Бұдан басқа, фабриканың технологиялық процесі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің ең жоғары талаптары бойынша салынады, бұл ретте фабрика жобасы цианидты пайдаланудың халықаралық кодексінің стандарттарына сәйкес орындалады.

Осы жобаға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 105 млрд. теңгені құрайды, 1 000-нан астам тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланған, мемлекеттік бюджетке салық аударымдары жылына 20 млрд.теңгеден асады. Осы инвестициялардың арқасында Қазақстан экономикасы жаңа инфрақұрылымға, жұмыс орындарына, адам капиталын жақсартуға, жаңа жабдықтарға, салықтарға, халықаралық нарықта жалпы позициялардың күшеюіне, елдің алтын-валюта қорларын ұлғайтуға мүмкіндік алады.

Бұдан бөлек, жобаны іске асыру еліміздің және өңірдің ШОБ үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Қазіргі уақытта жүзден астам қазақстандық компаниялар мен кәсіпкерлер осы жобаның мердігерлері болды. Мердігер ұйымдар үшін 300-ден астам жұмыс орны құрылды.

Сонымен қатар өндіріс ошағы жергілікті кадрлардың кәсібилігі мен дағдыларының деңгейін арттыруға және оқытуға ерекше назар аударады. Білім мен дағдылардың кәсіби деңгейін арттыру және оқыту кәсіпорындардың жұмысшы мамандықтары, инженерлік-техникалық және басқару ұжымы үшін жүргізіледі.

Кәсіпорын қалдықсыз өндірістің озық және тиімді технологияларын әзірлеу және енгізу арқылы қоршаған ортаға әсерді төмендетуге барынша тырысады. Тұрақты негізде қоршаған ортаға (атмосфералық ауа, топырақ жамылғысы, жерасты сулары) зерттеулер жүргізіледі, мұнда шығарындылардың шекті деңгейлері қатаң тексеріледі және бақыланады. Сондай-ақ, кәсіпорын бойынша табиғатты қорғау іс-шараларының 2015-2024 жылдарға арналған жоспары әзірленді. Апта сайынғы негізде кәсіпорынның өндірістік бөлімшелеріне ішкі экологиялық бақылау жүзеге асырылады және қызметкерлердің жауапкершілігінің функционалдық құрылымына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою үшін қорытындылар шығару және ұйғарымдар беру бойынша кеңестер өткізіледі.

RG Gold жергілікті халықтың өмір сүру сапасын дамытуға және жақсартуға мүдделі, себебі бұл жұмыстың тиімділігі мен сапасына тікелей әсер етеді. Жалпы компания қызметі қажетті инфрақұрылым (жолдар, электрмен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету, инженерлік құрылыстар және т.б.) салу үшін қаржыландыру көзіне айналды, жоғары ақы төленетін жұмыс орындарын, кәсіби және мансаптық өсу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді, адамдарға ертеңгі күнге деген сенімділікті сезінуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, компания жыл сайын жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік жобаларға 100 млн.теңгеден астам қаржы бөледі.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Әлеуметтік маңызы бар 24 қызметке қалай онлайн тапсырыс беруге болады?

Қажетті құжаттарды үйден шықпай-ақ алыңыз

Фото: Shutterstock

Соңғы уақытта көпшілік eGov.kz порталын жиі пайдалана бастады. Порталды тек қана 42 500 теңгеге өтініш беру үшін ғана емес, басқа да қызметтері үшін жиі қолдануға мүмкіндік бар. 

    Көбіміз біле бермейтін, білсек те мән бермейтін қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» порталында самсап тұрғанын ескеру керек. Бір емес, 24 қызмет түрін үйде отырып-ақ рәсімдеуге болады. Аталған 24 қызметтің барлығы дерлік еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік көмек көрсету жобалары. 

    Қызмет түрін алу үшін алдымен порталға авторизация жасау қажет. Яғни, өзіңіздің жеке ЭЦҚ кілтіңізді ашасыз. Оны қалай ашу керегін мына сілтемеге өтіп түсініп алсаңыз болады. Одан кейін басты бетте орналасқан «Электронды өтініштер» сервисін таңдап, әрі қарай қызметке тапсырыс бересіз. «Онлайн сұрау» сервисін таңдаған соң «құру» батырмасын басасыз. Одан әрі жаңа терезе ашылып, сол жерден «мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы» бағанында қажетті көрсетілетін қызметті таңдап, бағандарды толтырып шығасыз. Кейін сол қызметке жауапты болып саналатын мемлекеттік органды белгілейсіз. Содан соң тиісті құжаттарды бірге тіркеп, өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қойып, жолдайсыз. 

    «Электронды өтініштер» сервисі көмегімен мына қызметтерді онлайн алуға болады: 

•    Мүгедектерде протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу; 
•    Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету; 
•    Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу; 
•    Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға жәрдемақы тағайындау; 
•    Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау; 
•    Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту; 
•    Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау; 
•    Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау; 
•    Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау; 
•    Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау; 
•    Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау; 
•    Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау; 
•    Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру; 
•    Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін ҚР азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау; 
•    Ақталған адамға куәлік беру; 
•    Мүгедектігі және /немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және /немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау; 
•    Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды рәсімдеу; 
•    «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту; 
•    Көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау; 
•    Жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау; 
•    Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту; 
•    Мүгедектерге кресло-арбалар беру; 
•    Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету; 
•    Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу. 

Қажетті құжаттар тізімімен және өтініш үлгісімен қызметті таңдаған кезде көрсетілетін сілтеме бойынша өтіп, порталда танысуға болады.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg