3 тамыздан бастап сауда орталықтары, сұлулық салондар мен шаштараздар жұмыс істейді

Маска режимі мен гигиенаны одан әрі сақтауды қамтамасыз ету қажет

Фото: Асқар Ахметуллин

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкіметтің онлайн отырысында 3 тамыздан бастап, карантин режимі қалай жеңілдейтіні жайында айтты. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Министр хабарлағандай, 5 шілдеде қатаң карантиндік шектеу шаралары енгізілгеннен бастап 3 апта ішінде 35 951 жаңа КВИ-мен ауыру тіркелді. Жалпы, тіркелген жағдайлардың 29%-ға төмендеуі байқалып отыр. 

   «COVID-19-бен ауыру жағдайы орта есеппен тәулігіне 1600 адам деңгейінде тұрақтанды. Сондай-ақ, кереуеттердің бос болмауы 43%-ға, оның ішінде 27%-ға төмендеуі байқалады. Сауығып кеткендердің саны 63%-ға дейін өсті. Осылайша, денсаулық сақтау жүйесіне жүктеменің негізгі көрсеткіштерінің төмендеуіне қол жеткізілді», - деді Цой. 

Карантиндік шараларды жеңілдетудің әзірленген критерийлеріне сәйкес, министрлік инфекцияның репродуктивтік көрсеткішін (бір науқас оқшауланғанға дейін ауруды жұқтыратын адамдар саны) және КВИ емдеу үшін инфекциялық стационарлардың төсек-орын қорының қамтылу пайызын қадағалайды.

Осылайша, 3 аптада карантин нәтижесінде келесілерге қол жеткізілді. Инфекцияның репродуктивтік көрсеткіші 1,2%-дан 0,99%-ға дейін төмендеді. Және төсек-орындардың қамтылу пайызы 90%-дан 47%-ға дейін төмендеді.

Осылайша, денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктеменің негізгі көрсеткіштерінің жоғарыда көрсетілген оң серпіні карантиндік шараларды кезең-кезеңмен жұмсарту мүмкіндігі бар екенін көрсетіп отыр. 

    «COVID-19-дан сырқаттанушылық пен өлім-жітім жағдайын одан әрі тұрақтандыру экономиканың барлық секторларының үйлесімді жұмысына және тартылуына байланысты екенін ерекше атап өткім келеді. Атап айтқанда: қабылданатын тұрақтандыру шараларының тиімділігі тек қана 30%-ға медициналық көмек пен эпидемиологиялық іс-шаралардың сапасына байланысты», - деді министр. 

Сонымен қатар, қалған 70%-ы жиынтығында маска режимі мен гигиенаны сақтауға (30%), сондай-ақ әлеуметтік қашықтық нормаларын сақтауға (40%) байланысты. 

Министр атап өткендей, бүгін барлық қазақстандық қоғамға коронавирус емес, қауіпсіздік пен салауатты әдеттер «жұқпалы» болуы үшін барлық шараларды қабылдау қажет.

   «Ол үшін ең алдымен маска режимі мен гигиенаны одан әрі сақтауды қамтамасыз ету қажет. Үйден тыс жерлерде маскаларды кию инфекцияның берілуін 30%-ға қысқартады. Инфекцияның таралуында қол гигиенасы ерекше рөл атқарады», - деді Цой.

Осыған байланысты: 

Біріншіден, мүдделі МҰ мен ЖАО-ды тарта отырып, маска режимін сақтау үшін бизнестің бақылауын және жауапкершілігін күшейту (қауіпсіздік белдігін міндетті түрде қолдану мысалында).

Екіншіден, барлық қоғамдық орындарда қолды залалсыздандыру үшін санитайзерлер орнатуды қамтамасыз ету. 

Үшіншіден, барлық ақпараттық арналар арқылы халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету. 

Сондай-ақ, әлеуметтік қашықтық қағидаты сақталуы тиіс, ол мыналарды қамтиды:

Кеңселердің қашықтан жұмысын (20/80 қатынасында) және оқушылар мен студенттерді қашықтықтан оқытуды.

Маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкін еместігіне байланысты бұқаралық іс-шаралардың барлық түрлеріне тыйым салу.

Бақылауды күшейте отырып, зоналауды, белгілеуді және объектілердің толтырылуын сақтауда бизнестің жауапкершілігін арттыру.

Бұл шаралар барлық ақпараттық арналар бойынша халық арасында күшейтілген ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізумен сүйемелденуі тиіс.

Алексей Цойдың айтуынша, осылайша, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау, маска тағу және әлеуметтік ара қашықтықты сақтау жағдайында 2020 жылғы 3 тамыздан бастап инфекцияның репродуктивтілік көрсеткішіне кемінде (R ≤ 1) жеткен кезде, сондай-ақ бір апта ішінде төсек-орындардың қамтылу көрсеткіші 70%-дан аз және өлім-жітім деңгейі төмендеген кезде мынадай инфрақұрылымдық объектілердің қызметіне рұқсат етіледі: 

- Уақыты мен күндер бойынша шектеулермен сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері, жабық азық-түлік, азық-түліктік емес базарлар;

- Балаларға арналған түзету кабинеттері, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, топтарда 5 адамнан аспайтын үйірмелер;

- Кезекші топтар режиміндегі мектепке дейінгі балалар мекемелері;

- Сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, алдын ала жазылу бойынша маникюр және педикюр салондары;

Қашықтықтан жұмыс істеу формасы мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) қызметкерлері мен кеңсе қызметкерлерінің кемінде 80%-ы үшін сақталуы тиіс.

Денсаулық сақтау министрі әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада жеке және топтық жаттығулар жасауға рұқсат етілетінін атап өтті. Сондай-ақ ұлттық құрамалар үшін 30 адамнан аспайтын құраммен спорттық жаттығулар жасауға болады.

Халықтың жүріп-тұруына қатысты мынадай талаптар сақталады:

Көшелерде жүру, саябақтарға, скверлерге және жағалауларға бару — 3 адамнан аспауы тиіс;

Қоғамдық көліктің маска тағу, санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау және кондукторлардың болуымен, уақыт бойынша шектеулерді сақтай отырып және жолаушыларды 50%-дан асырмай жұмыс істеуі.

Сонымен қатар салынған тыйымдарды сақтау қажет:

көпшіліктің қатысуымен өтетін іс-шаралардың барлық түрлеріне, ойын-сауық мекемелерінің, кинотеатрлардың, фудкорттардың, банкет залдарының жұмысына;

мейрамханалар, барлар, түнгі және ойын клубтарының жұмысына;

мәдениет нысандарының, музейлердің жұмысына, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге;

спорт залдарының, фитнес-орталықтардың, бассейндердің, аквапарк жағажайларының жұмысына;

діни нысандар жұмысына;

қала маңындағы жолаушылар пойыздарының (жұмыс пойыздарынан басқа, электричкалардың) қозғалысына, ортақ вагондарды, қалааралық автобустарды (шағын автобустарды) қалыптастыруға.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Ертіс ерекше қорғауға алынбақ

Экологтар қоршаған ортаны ластайтын зауыт салмауды ұсынды

Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысының қоғамдық бірлестіктерінің бір топ өкілі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевпен жүздесіп, өзекті мәселелерді ортаға салды. 

Алдымен, экологтар облыс бойымен өтетін Ертіс өзеніне ерекше мәртебе беріп, оны қорғауға алу қажеттігін алға тартты. «Эком» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Могилюктың айтуынша, бүгінде жасыл белдеу саналатын өзен мақсатсыз пайдалануда.  

Екінші мәселе – қоршаған ортаға қалдық шығаратын зауыттардың құрылысына тыйым салу. 

«Біз зиянды қалдықтар шығаратын жаңа кәсіпорындардың салынбауы үшін шаралар қолдануды сұраймыз. Көп жағдайда аймақтағы өндіріс орындарында ескірген технологиялар қолданылады. Олар да қоршаған ортаға залалын тигізбей қоймайды. Осы уақытқа дейін салынған зауыттардың өзі жетер. Экономикалық тиімділіктен бұрын экологиялық ахуалды ойлайтын кез жеткен сыңайлы», - деді Светлана Могилюк. 

Өз кезегінде Мағзұм Мырзағалиев қоғам белсенділері көтерген әр мәселе назарға алынатынына әрі тиісті шаралардың қолға алынатынына сендірді. 

«Павлодар облысы негізгі ластаушылардың бірі екені жасырын емес. Елімізде ауаға шығарылатын қалдықтардың 30 пайызы дәл осы өңірге тиесілі. Сондықтан экологтар көтеріп отырған мәселелер орынды. Біріншіден, зауыт басшылықтарымен қалдықтардың көлемін азайтатын жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыс істеу керек. Екіншіден, жасыл желекті айтарлықтай көбейту қажет. Үшіншіден, Ертіс өзеніне ерекше мәртебе беру бастамасын қолдаймыз және осы бағытта жұмыс істейміз», - деп түйіндеді министр. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg