24 ветеринарлық зертхана ПТР-тест жасайтын медициналық зертханаға айналмақ

1 тамыздан бастап зертханалар қолданысқа беріледі

Фото: ҚР АШМ ресми сайтынан

Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық зертхана ғимаратын ауылдық жерлерде COVID-19 вирусына ПТР-зерттеу жүргізу үшін уақытша Денсаулық сақтау министрлігіне қолдануға береді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.  

Медициналық және ветеринарлық зертханалар әлем бойынша тең дәрежелі мәртебеге ие. Сондықтан Ветеринарлық медицина және медицина саласындағы халықаралық ұйымдар, соның ішінде ХЭБ, ФАО және ДДСҰ пандемия кезінде коронавирус инфекциясымен күресте ветеринарлық зертханаларды пайдалануды ұсынады.

Осыған орай елімізде ПТР тестілеу мүмкіндігін кеңейту үшін Денсаулық сақтау министрлігіне 1 тамыздан бастап Қазақстанның 11 аймағында орналасқан 24 ветеринарлық зертханалардың мамандандырылған ғимараттары қолданысқа ұсынылады.

Пайдалануға берілетін барлық тест орындары зертханалардың екінші қабаттарында орналасады. Микроорганизмдердің патогенділігі II-IV топтарымен жұмыс істеу талаптарына сәйкес келеді: олардың жеке кіреберістері, санитарлық қақпалары және биологиялық қауіпсіздік жәшіктері бар. Бұл ветеринарлық зертханалардың бірінші қабаттарында негізгі бағыттар бойынша өз жұмыстары жалғаса береді.

Сонымен қатар, шалғайдағы ауылдық жерлерде диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін жылжымалы ветеринарлық зертхана қолданылады.

Ғимарат және жылжымалы зертханамен бірге ПТР жабдықтарының 26 жиынтығы беріледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігі Республикалық ветеринарлық зертханадан және Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығынан адамдар мен жануарларға қауіпті инфекциялар диагнозын анықтау тәжірибесі бар 67 білікті маманды іссапарға жібереді.

Бір айта кетерлігі, жануарлардың жұқпалы ауруларын диагностикалаудың ПТР әдісі іс жүзінде коронавирустық инфекцияны ПТР диагностикалау әдісімен ұқсас. Жалғыз айырмашылық қолданылатын тест жүйелерінде. Сондықтан әлемнің көптеген жетекші елдері COVID-19 пандемиясымен күресуде ветеринарлық зертханалардың мүмкіндігін пайдалануда.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 21 шілдесінде өткен ҚР Үкіметінің отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда ПТР тестілеу қуаттылығының жетіспеуі күніне 8 мың сынақтан тұратынын мәлімдеді. Өңірлердегі жағдайды реттеу үшін ведомство басшысы республиканың ветеринарлық қызмет зертханаларының мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынған болатын.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Шетелде оқу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыра аласыз. Ол қалай?

Конкурсқа қатысу онлайн жүзеге асады

Фото: Shutterstock

Жаз – талапкерлердің жаппай оқуға құжат тапсыратын, ғылым-білімге қатысты болашағына жоспар құратын белсенді мезгіл. Елімізде шет мемлекетке барып білім алғысы келетін жастар да көп. Олар үшін «электронды үкімет» порталында жақсы мүмкіндік қарастырылған. 

Бұдан былай шетелдегі оқу конкурстарына қатысу үшін білім беру саласындағы халықаралық шарттар аясында үйде отырып-ақ құжат тапсыруға болады. Пайдаланушы білім алғысы келетін ел мен мамандықты порталда көрсете отырып, «бакалавриат», «магистратура», резидентура» және «докторантура» дәрежелеріне құжат тапсыра алады.


Қызметті тұтыну үшін алдымен порталда авторизация жасайсыз. Содан кейін «Білім» қосымша бетіне кіріп, «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» дегенді таңдап, қызметке тапсырыс бересіз. 

Әрі қарай білімі, отбасылық жағдайы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізіп, барлық қажетті бағандарды толық толтырып, ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қоясыз. Бұл қызмет жеке тұлғаларға бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 

 Еске салайық, жақында білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық бағдарламасына құжаттар қабылдау басталғанын жария етті. Бағдарлама арқылы азаматтар магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша білім алады. Бұл конкурсқа қатысу үшін де құжаттарды eGov порталы арқылы онлайн жолдауға мүмкіндік бар. Құжат қабылдау 2020 жылдың 27 шілдесі мен 31 қазаны аралығында жүргізіледі. 

Министрлік дерегіне сүйенсек, биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр. Сондай-ақ бағдарлама аясында оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

qazexpocongresskz.jpg