18 жастағы бойжеткеннен синтетикалық есірткісі табылды

Бұл аса қауіпті дизайнерлік есірткілердің бірі

Фото: Shutterstock

Петропавл тұрғынынан 40 граммға жуық мефедрон синтетикалық есірткісі алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Есіркі қылмысына қатысы бар деген күдікке Петропавл қаласында тұратын 18 жастағы бойжеткен ілікті. Полицейлер қала тұрғынынан 40 грамға жуық мефедрон синтетикалық есірткісін алды. Әсері күшті әрі аса қауіпті дизайнерлік есірткілердің бірі Солтүстік Қазақстан облысында алғаш рет анықталып отыр.

 «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жедел іс-шаралар, оның ішінде күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді. Пәтерде есірткіге ұқсас зат салынған түйіншек табылды. Жүргізілген сот-химиялық сараптама заттың мефедрон екенін растады», – деді СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Сондай-ақ, полицейлер буып-түйетін материалдар, ноутбуктар, таразы және басқа да есірткі кәсібін растайтын заттарды анықтады. Сотқа дейінгі тергеу материалдарынан күдіктінің бірнеше ай бойы интернет-дүкен арқылы есірткі сатып алып, аса қауіпті затты “жасыру” байланыссыз тәсілі арқылы саудалағаны белгілі болды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, сот сараптамасы тағайындалды.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Қазақстанда карантинді біртіндеп жеңілдету жоспарланып отыр

Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақтанған

Фото: Асқар Ахметуллин

Үкімет басшысы Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына ұсынуды тапсырды. 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, елдегі эпидепиологиялық ахуалдың біршама тұрақтануы 5 тамызға дейін жариялаған карантинді біртіндеп жеңілдетуге мүмкіндік береді. 

Қазіргі кезде елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асып, соның ішінде  73702 пациент емделіп шықса, 1269 адам қайтыс болды. Сонымен қатар КВИ белгілері бар пневмонияны 13 337 адам жұқтырған, бұл аурудан 173 адам көз жұмды. 

«Жалпы қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде еліміздегі коронавирустың таралуы деңгейі және осыған байланысты барлық көрсеткіштер қарқынды төмендеуі тіркеліп отыр. Соның ішінде вирустық репродуктивтілік деңгейінің орташа көрсеткіші 0,82 пайызға дейін төмендеді. Емделіп шыққандардың үлесі 73,6 пайызды құрап отыр», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Алексей Цой  келтірген мәлімет бойынша, вирус репродуктивтілігі немесе 1 науқастың өзгелерге жұқтыру көрсеткіші 1,72 болатын. Карантин енгізгеннен кейін репродуктивтілік көрсеткіші екі есе, 0,82-ге дейін төмендеген. Бес апталық каран ин кезінде ауру-сырқауда азайған. Керентинге дейін 100 адамғар шақққанда 56,73 адама вирус жұқтырса, шектеу шараларының арқасында бұл сан 36,2 дейін азайған. 

Осы аралықта ауруханадағы орындар жүктемесі 62%-ға азайған. Мобильді бригадалардың қатары 7,6 есе өсіп, қазір 3640 бригада жұмыс істеп тұр. Жедел жәрдем шақыру 62%-ға,  жалпы ел бойынша аурудың күн сайынғы өсімі 2 есе төмендеген. 

«Караннтиді тек қатаң түрде маска тағып, бұкіл ақпарат арналары арқылы  халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу арқылы ғана жеңілдету керек», – деді Цой. 

Карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету жайлы нақты жоспар бейсенбі күнгі үкімет отырысында қаралатын болады. 

 

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg