Жоғалып кеткен жасөспірімдер табылды 

Жарияланды
Жаз мезгілі кезінде қадағалаусыз қалған балалардың жоғалу жағдайлары жиіледі

Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары жоғалған тоғыз жастағы және бес жастағы екі кәмелетке толмаған баланы іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

11– шағын ауданда бес жасар бала жоғалып кетті. Анасы бес сағаттан кейін баланы іздеуге шығып таппаған соң, полицияға жүгінді. Кейінірек оның ұлы 4-қабаттағы көрші пәтерде тұратын баламен ойнағаны, анықталып бала қайтадан аулаға шыққан кезде табылды. 

Екінші жағдайда 21 маусымда 9 жасар бала жоғалып кетті. Бала толық емес отбасында тәрбиеленеді. Бала сағат 12-00 де Олег Кошевой көшесіндегі үйден аулаға велосипед тебуге шығып, ешкімге айтпай АЗХС саяжай массивінде тұратын апасының үйіне кетіп қалған. Баланың анасы оны бес сағаттан кейін іздеп таппаған соң, сағат 18-00-де полицияға жүгінді, баланы полиция қызметкерлері сағат 21-00-де туысының үйінде тапты. 

  «Ата-аналар тарапынан бақылаудың жоқтығынан балалар жол көлік оқиғаларының құрбаны болып, түрлі жазатайым оқиғаларға тап болады. Жазғы уақытта қараусыз жүрген, толық емес отбасында тұратын және ата-анасының тәрбиесімен айналыспайтын балалар жиі жоғалып кетеді. Мысалы, бір жағдайда бала сағат 12-00-де аулаға шығып,  анасы оны тек бес сағаттан кейін іздеп, баланың жоғалғаны туралы полицияға арызданған. Оның саяжай массивіне өзінің туысқан апасының үйіне қарай кеткені анықталып, кешке қарай полиция қызметкерлері оны іздеп тапты. Ата;аналардың бақылаусыздығынан балалардың қатысуымен болған жазатайым оқиғалар көбінесе су айдындарында және жолдарда  болып отыр. Тек осы айда облыста өзендерде екі бала суға кетті. Жыл басынан бері балалардың қатысуымен 27 ЖКО болды, онда 29 бала түрлі дене жарақаттарын алды», – дейді ПД бастығы Атығай Арыстанов. 

Осыған байланысты Полиция департаменті ата-анасынан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Балаларға жол және су айдындарында қарапайым жүріс-тұрыс ережелерін үйрету керектігін ескертеді. Балаларыңызды сақтаңыздар және аман-сау болыңыздар!

 Облыстық Полиция департаменті жазғы демалыс кезеңінің басталуына жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында кәмелетке толмаған балалардың бос уақытын және жүріп-тұратын жерлерін мұқият бақылау қажет екенін ескертеді. 

Жаз мезгілі басталысымен көшелерде және аулаларда ата-анасының қадағалауынсыз қалған балалардың жоғалу жағдайлары жиіледі
 

Сондай-ақ оқыңыз