Жалғызбасты ана баспаналы болды

Ол алты жыл үй жалдап тұрған

фото: жеке мұрағаттан

Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Жібек жолы ауылындағы екі жасөспірім баласын - Асан мен Хасанды тәрбиелеп отырған жалғызбасты ананың көптен күткен арманы орындалды.

Алты  жыл бойы үй жалдап тұруға мәжбүр болған Мирагүл Сапарбаева Алматы қаласындағы  медициналық орталықтың бірінде тазалық жұмыстарына жауапты. Айлық  жалақы күнделікті күнкөріске қажеттіліктен аспайды. Сол себепті де тәуекелге бел буған ана Нұр Отан партиясының Қарасай аудандық филиалына көмек сұрап, өтініш білдірген.

Десе де, бірден баспаналы болатынына сенбегенін жасырмайды. Бақытты үй иелерінің кілтін депутаттың көмекшісі Самат Орынбасаров тапсырды. Ананың басты арманын орындауға тікелей себепкер жан - Алматы облыстық маслихатының депутаты, "Іргетас-құрлыс ІІ"  ЖШС директоры Сарсенов Әлібек Пернебайұлы. Үйдің іргетасы қызыл кірпіштен  2014 жылы қаланған.  Жалпы көлемі 80 шаршы метр, сондай-ақ он соттық жері бар. Құны 7 млн. 800 мың теңге. Өзге адамдардың пәтерін паналап, көшіп қонып жүруден әбден шаршаған Мирагүл үшін бұл баға жетпес сыйлық болды. 


   «Осындай көмек беріп жатқанына көп  алғысымды айтамын. Еңбегіне нұр жаусын, кейінгі ұрпаққа әйтеуір өнеге болатын игі іс. Балаларым да көріп отыр, оларда сондай Әлібек ағасындай болуға тырысады», - дейді жалғызбасты ана Мирагүл Сапарбаева. 

banner_wsj.gif

Сотталғандар жазасын провизорлық стационарда өтеп жүр

Павлодар облысында шартты түрде сотталғандар дәрігерлерге көмекке келді

Фото: Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз орталығы

31 жастағы павлодарлық Светлана біраз уақыт бұрын шартты түрде сотталып, пробация қызметіне тіркеуге тұрған еді. Кейін оған Павлодар ауданының жұмыспен қамту орталығына жолдама берілген. Соған сәйкес, медициналық білімі әрі осы салада тәжірибесі бар Светлана провизорлық стационарлардың біріне жұмыс істеуге жіберілді. 

«Сотталғанға дейін облыстық ауруханада жұмыс істеп, тәжірибе жинадым. Стационарда қызмет етіп жүргеніме бір аптадан астам уақыт өтті. Негізгі міндетім – пациенттерге күтім жасау», - дейді Светлана. 

Одан бөлек, ол медициналық колледжге құжаттарын тапсырып, білімін одан әрі жетілдірмек ниетте. 

Светлана сияқты Қайрат есімді сотталған азамат та жазасын провизорлық стационарларға көмек көрсету арқылы өтеуде.   

«Облыс орталығындағы ауруханаларға төсект, жиһаз тасып жүрмін. Осы сияқты басқа да жұмыстар жүктеледі. Жаза ретінде белгіленген сағаттарды өтеп қана қоймай, қоғамға пайдамның тиіп жатқанына қуаныштымын. Жазаның осындай түрінің белгіленуі әділ деп есептеймін», – дейді ол. 

Пробация қызметінің бастығы Әсет Мыңжасаровтың айтуынша, еңбектің мұндай түріне тұрақты жұмыс орны жоқ әрі бас бостандығын шектеу жазасы белгіленген сотталғандар тартылады. 

«Пандемияға және пневмонияға шалдыққандар саны күрт артқандықтан, Павлодар облысында қосымша провизорлық стационарлар ашылды. Бұл өз кезегінде қосымша жұмыс күшін қажет етеді. Сондықтан жазасын өтеу жөнінде жолдама алғандар қаладағы ауруханаларға жіберіліп, көмек көрсетуде. Бүгінде сотталған бес азамат осы іске жұмылдырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, жазасын өтеушілер медицина қызметкерлеріне қол ұшын созатын болады»,  – дейді Әсет Мыңжасаров. 

Айта кетелік, Павлодар облысының аумағында қосымша провизорлық стационарлар мен триаж-орталықтар ашылғалы бері дәрігерлердің, медициналық қызметкерлердің аздығы қатты сезіле бастады. Осы уақытқа дейін денсаулық сақтау саласының ардагерлері, жеке емханалардың қызметкерлері, медициналық жоғары оқу орнын тәмамдаған түлектер, барлығы 200-ден астам адам дәрігерлерге көмекке келді. Жүктемені азайтып, пациенттерді сапалы ем-дом көрсету үшін тағы 400-ге жуық адам керек. Олардың барлығына белгіленген тарифтік көрсеткіштер бойынша қаражат төленетін болады. 

 

 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер