Ұлттық бірыңғай тестілеу 5 шілдеге дейін жалғасады

Жарияланды
Әр аудиторияда тек 10-18 талапкер ғана отырады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ өткізу пунктінде болды. Ол талапкерлерді аудиторияларға кіргізу процесін бақылап, оларға сәттілік тіледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram-каналы хабарлады.

Алғашқы күні 161 пунктің 51-і ғана істейді, оның 44-і ауылдық жерлерде орналасқан. Бірінші күні тек 6 512 талапкер емтихан тапсырады.

ҰБТ өткізілетін әрбір пункте медициналық-санитарлық нормаларға сәйкес барлық тестіленушілер дезинфекциялаудың 5 кезеңінен өтті.

Тестілеуге кіргізу және отырғызу кезінде тестіленушілер арасындағы арақашықтықтың кемінде 2 метр болуы қамтамасыз етілді. Әрбір аудитория кезең-кезеңмен желдетіліп, өңделетін болады. Аудиториялар тек 35%-ға дейін толтырылған, әрқайсысында 10-18 адамнан.

Биыл еліміз бойынша 131 755 адам ҰБТ тапсыруға ниет білдірген, оның 111 109-ы немесе 82% осы оқу жылының мектеп түлектері. Өткен жылмен салыстырғанда ҰБТ тапсыруға ниет білдірген түлектердің саны 12%-ға артып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз