Түркістан облысында тас жолда көлік өртенді

Жарияланды
Өрт салдарынан зардап шеккендер  жоқ

Түркістан қалалық жол бойында көлік өртеніп жатқаны туралы  хабарлама түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

 Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлердің анықтауынша, жергілікті тұрғын өзінің «Nexia» маркалы автокөлігімен жол бойында келе жатып, көлігінен түтін шыққанын байқайды. Содан себебін білу мақсатында түсіп, көліктің алдыңғы бөлігін ашқан кезінде автокөлігі өртеніп кеткен.

 Оқиға болған жерге жедел тергеу тобы, Түркістан қалалық өрт сөндіру қызметкерлері келіп, жылдам әрекет етіп, нақты әрекеттер жасалды. Нәтижесінде өрт дер кезінде сөндірілді. Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Аталған оқыс жайт Түркістан ҚПБ-на тіркелді. Тәртіп сақшылары автокөліктің құжаттарын тексеру барысында оның техникалық байқаудан өткенін анықтады.
 

Сондай-ақ оқыңыз