«Super-Pharm» фармацевтикалық зауыты 600 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді

Жарияланды
Зауыт жылына 15 миллионға дейін өнім шығарады

«Super-Pharm» фармацевтикалық зауыты толық өндірістік қуатқа шыққан кезде 600 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жамбыл облысындағы «Super-Pharm» фармацевтикалық зауыты 2011 жылдың желтоқсан айында үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған, бүгінде кәсіпорын отандық медициналық мекемелерді бір реттік өніммен тұрақты қамтамасыз етіп отыр.

Өндіріс ошағы жылына 15 миллионға дейін өнім шығарады.

Бұл бір реттік медициналық бұйымдар, хирургия, акушерлік, ортопедия, гинекология және т.б. үшін стерильді және стерильді емес жиынтықтарды, тоқылмаған материалдан жасалған жеке бұйымдар (маскалар, бас киімдер, бахилалар, халаттар, алжапқыштар, ақжаймалар және т. б.), бұласыр бұйымдар (лейкопластырь, операциядан кейінгі таңғыштар, катетерлерді бекітуге арналған таңғыштар), пластмассадан жасалған бұйымдар (Эйердің шпатель, скальпель, Фолькман қасығы, Куско бойынша гинекологиялық айналар, биологиялық сұйықтықтарын жинауға арналған контейнерлер) және қан құюға арналған жүйелер.

Сондай-ақ оқыңыз