Роман Скляр кәсіпкерлік мәселелерi бойынша Жобалық кеңсенің отырысын өткізді

Бизнестің жай-күйін мониторингілеу үшін жедел штаб құрылды

фото: kursiv.kz

Үкімет «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп экономиканың зардап шеккен салаларындағы бизнестің жағдайын мониторингілеу мақсатында Жедел штаб құрды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

«Атамекен» ҰКП-да Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен бейнеконференция байланысы режимінде кәсіпкерлік мәселелері бойынша Жобалық кеңсенің отырысы өтті.

Роман Скляр Премьер-Министр Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша экономиканың зардап шеккен секторларындағы жағдайдың жедел мониторингін қамтамасыз ету үшін «қарапайым заттар экономикасын» дамыту жөніндегі Жобалық кеңсенің мандаты кеңейтіліп, бизнестің жай-күйін мониторингілеу үшін жедел штаб құрылғанын хабарлады.

Роман Склярдың жетекшілігімен Жобалық кеңсенің құрамына «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, кәсіпкерлік мәселелеріне жетекшілік ететін әкімдердің орынбасарлары, бейінді орталық мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

Премьер-Министрдің кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Дана Жүнісова жедел штабтың міндеттері туралы ақпарат берді. Мәселен, штаб өңірлердегі кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйіне және карантиндік шаралардың бизнесті жүргізу жағдайларына әсер етуіне мониторинг жүргізеді, неғұрлым зардап шеккен салалардағы ШОБ субъектілерінің саны туралы өзекті мәліметтерді қалыптастырады, сондай-ақ кәсіпкерлік белсенділікті қалпына келтіру және дамыту, жұмыспен қамтуды сақтау бойынша жедел және жүйелі ұсыныстар әзірлейді.

Бизнестің жай-күйі туралы жедел деректер апта сайын үш көзден құралады: әкімдіктер, өңірлік кәсіпкерлер палатасы және тікелей бизнестен. Осылайша, бизнес өзінің жағдайы мен проблемалық мәселелердің бар екендігі туралы тікелей хабарлай алады.

Кәсіпкерлер үшін онлайн-сауалнама жасалған, оны толтыру үшін мына сілтеме бойынша өтуге болады: https://forms.gle/GSB5Bsf6GSTz3eeW9. Жиналған деректер негізінде жедел штаб кейіннен қажетті қолдау шараларын қабылдау үшін Үкіметті хабардар ететін болады.

Өз кезегінде Абылай Мырзахметов бизнес пен мемлекеттік органдардың үйлесімді және жедел жұмысының нәтижесі проблемаларды дер кезінде шешуге және оларды ерте кезеңде диагностикалауға болатынын атап өтті.

Жобалық кеңсенің отырысын қорытындылай келе, Роман Скляр шұғыл штаб жиыны әкімдердің орынбасарларынан өңірлердегі қазіргі жағдай туралы ақпарат алып, апта сайын жүргізілетінін хабарлады. Сондай-ақ Жедел штаб апта сайын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жүргізіп отырған жұмысының нәтижелері туралы хабардар ететін болады.
 

banner_wsj.gif

Әлем елдерінің парламентінде гендерлік теңдік сақтала ма?

Соңғы 25 жылда әйелдердің үлесі 2 есе өскен

Фото: Асқар Ахметуллин

Соңғы 25 жылда парламенттегі әйелдердің үлесі екі есе өскен. Халықаралық парламент одағының (Inter-Parliamentary Union) мәліметі бойынша, бүкіл әлемдегі сайланбалы заң шығарушы органдардағы орынның 25 пайызы әйелдерге тиесілі. 

1995 жылдары парламенттегі әйелдердің үлесі бойынша Скандинавия және басқа да дамыған мемлекеттер көшбасшы болып, бірінші орында Швеция тұрған. Қазіргі кезде парламенттегі әйелдер саны бойынша Шығыс Африкада орналасқан Руанда көш бастап тұр. 

Төменгі палатадағы депутаттық 80 орынның 49-ын әйелдер иеленген, соның ішінде 24 орын әу баста-ақ әйел адамдар үшін арнайы квота ретінде бөлінеді. Дүниежүзілік экономикалық форумның байламы бойынша, 2015 жылы Руанда Үкіметі әлемдегі ең нәтижелі биліктің ондығына енген.

Куба Республикасының бір палаталы парламентіндегі 605 депутаттың 322-і – әйелдер, бұл мемлекетте биліктегі әйелдердің үлесі өте жоғары. Одан кейінгі орында Боливия тұр, онда парламен төменгі палатасының 53,3 пайызын әйелдер құрайды. 2019 жылдан республиканы ел тарихындағы алғашқы әйел-президент Жанин Аньес басқарып келеді. 

Ал төртінші орында – Біріккен Араб әмірліктері. Бұл елде парламеттің қызметін ұлттық аймақтық кеңес атқарады, онда президент резолюциясы бойынша әйел адамдарға 50 пайыз квота бөлінген. БАӘ ұлттық кеңесі – заң шығарушы орган емес. Тек заңды талқылау мен оған өзгертулер мен толықтыру енгізуге құқылы. 

Ал Швеция қазір жетінші орынға түсіп кеткен. Ел парламентіндегі әйелдердің үлесін арттыру бағытында соңғы ширек ғасырда Оңтүстік және Солтүстік Америка елдері қарқынды дамыды. Бұл ретте Тынық мұхиты аймағындағы мемлекеттерде алға жылжу аз. Мәселен, Папуа-Жаңа Гвинея және Вануату сынды мемлекеттердің парламентінде әйел адамдар мүлдем жоқ. 

Ал ТМД елдері арасында парламенттегі әйелдер саны бойынша бірінші орында Беларусь келеді, ал әлем елдері арасында –22 орында. Бұл елде парламент төменгі палатасындағы әйел депутаттардың саны 40 пайызды құрайды.

aiel.png

Осы ретте әйелдердің сайлау процесіне қатысуы елдегі саяси еркіндіктің кепілі бола алмайтынын айта кеткен жөн. Айталық, Руанданың өзі Freedom House тұжырымы бойынша, еркіндік рейтингіндегі 100 балдың тек 22-сін жанап, еркіндік жоқ елдердің қатарына кірген. Ал Араб әмірліктеріндегі еркіндік деңгейі 17 баллға бағаланса, Куба Республикасында тіптен төмен – бар-жоғы 14 балл. 

Кейбіл елдерде парламенттегі әйелдер санының артуын арнайы квота енгізілуімен түсіндіруге болады. Парламентаралық кеңестің бас хатшысы Мартин Чунгонг  квота енгізілген елдерде әйелдер өз қабілеттерін барынша көрсете алатынын атап өткен.

Әйелдердің сайлау процесіне қатысуына кепіл берілуі көптеген елдерде өз нәтижесін беріп келеді. Биліктің сайланбалы органдарында әйелдер үшін арнайы квота бөлу тәжірибесі әлемнің 104 елінде қолданылады. 
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg