Өзбекстаннан Түркістанға гуманитарлық көмек келді

Жарияланды
Бұл көмек облыстың медициналық мекемелеріне таратылады

Түркістан облысына Өзбекстаннан гуманитарлық медициналық көмек келді. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министірлігінің телеграм каналы хабарлады.

Көршілес елден Қазақстанға 150 мың медициналық маска, 2500 қорғаныс костюмі, 150 мың медициналық қолғап, 1000 термометр және 440 төсек келді.  

Бұл көмек  Түркістан облысының  медициналық мекемелеріне таратылады.
 

Сондай-ақ оқыңыз