Өткен жылы ауыл шаруашылығына салынған инвестиция 41%-ға артты

Жалпы өнімі 0,9 пайызға артып, 5,2 трлн. теңгені құрады

фото: agropress

Өткен жылы ауыл шаруашылығына салынған инвестиция 41%-ға артты. Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі тұрғындармен жыл сайынғы есеп беру кездесуін өткізді. Сапархан Омаров ҚР АШМ 2019 жылғы жұмыс қорытындыларын, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2020 жылға арналған жоспарлары туралы баяндады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Министрдің айтуынша, өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 0,9 пайызға артып, 5,2 трлн. теңгені құрады. Мал шаруашылығында өндіріс -4%-ға өскен, ауа райының қолайсыздығына байланысты өсімдік шаруашылығы - 1,7%-ға төмендеген.

2019 жылы республиканың аграрлық саласына 0,5 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылған, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 41%-ға артық. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 14%-ға ұлғайып, бір қызметкерге 2,4 млн. теңгені құрады.
 

banner_wsj.gif

Сотталғандар жазасын провизорлық стационарда өтеп жүр

Павлодар облысында шартты түрде сотталғандар дәрігерлерге көмекке келді

Фото: Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз орталығы

31 жастағы павлодарлық Светлана біраз уақыт бұрын шартты түрде сотталып, пробация қызметіне тіркеуге тұрған еді. Кейін оған Павлодар ауданының жұмыспен қамту орталығына жолдама берілген. Соған сәйкес, медициналық білімі әрі осы салада тәжірибесі бар Светлана провизорлық стационарлардың біріне жұмыс істеуге жіберілді. 

«Сотталғанға дейін облыстық ауруханада жұмыс істеп, тәжірибе жинадым. Стационарда қызмет етіп жүргеніме бір аптадан астам уақыт өтті. Негізгі міндетім – пациенттерге күтім жасау», - дейді Светлана. 

Одан бөлек, ол медициналық колледжге құжаттарын тапсырып, білімін одан әрі жетілдірмек ниетте. 

Светлана сияқты Қайрат есімді сотталған азамат та жазасын провизорлық стационарларға көмек көрсету арқылы өтеуде.   

«Облыс орталығындағы ауруханаларға төсект, жиһаз тасып жүрмін. Осы сияқты басқа да жұмыстар жүктеледі. Жаза ретінде белгіленген сағаттарды өтеп қана қоймай, қоғамға пайдамның тиіп жатқанына қуаныштымын. Жазаның осындай түрінің белгіленуі әділ деп есептеймін», – дейді ол. 

Пробация қызметінің бастығы Әсет Мыңжасаровтың айтуынша, еңбектің мұндай түріне тұрақты жұмыс орны жоқ әрі бас бостандығын шектеу жазасы белгіленген сотталғандар тартылады. 

«Пандемияға және пневмонияға шалдыққандар саны күрт артқандықтан, Павлодар облысында қосымша провизорлық стационарлар ашылды. Бұл өз кезегінде қосымша жұмыс күшін қажет етеді. Сондықтан жазасын өтеу жөнінде жолдама алғандар қаладағы ауруханаларға жіберіліп, көмек көрсетуде. Бүгінде сотталған бес азамат осы іске жұмылдырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, жазасын өтеушілер медицина қызметкерлеріне қол ұшын созатын болады»,  – дейді Әсет Мыңжасаров. 

Айта кетелік, Павлодар облысының аумағында қосымша провизорлық стационарлар мен триаж-орталықтар ашылғалы бері дәрігерлердің, медициналық қызметкерлердің аздығы қатты сезіле бастады. Осы уақытқа дейін денсаулық сақтау саласының ардагерлері, жеке емханалардың қызметкерлері, медициналық жоғары оқу орнын тәмамдаған түлектер, барлығы 200-ден астам адам дәрігерлерге көмекке келді. Жүктемені азайтып, пациенттерді сапалы ем-дом көрсету үшін тағы 400-ге жуық адам керек. Олардың барлығына белгіленген тарифтік көрсеткіштер бойынша қаражат төленетін болады. 

 

 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер