«ОЛИМП КДЗ» және  «Medical Partners Korea Qazaqstan» қысқа мерзімге өз қызметтерін тоқтатты

Жарияланды
«Халық Арена» мұз сарайының аумағында тестілеу пункттерін ашу жоспарлануда

Ерлан Сүлейменов «ОЛИМП КДЗ»  эпидемия басталғалы бүкіл Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясына тест қабылдауды жүзеге асырғанын хабарлады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің телеграм каналы хабарлады.

Олардың пункттерінің басты міндеті – Алматы қаласындағы басқа зертханаларға түсетін күшті азайту, соған байланысты көршілес қалаларда қазір бар тестілеу пункттеріне қосымша зертханалар ашу жоспарлануда
Осылайша, басқа қалалардың тұрғындары тесттен өз аймақтарында өте алады, соның нәтижесінде Алматыдағы зертханаларға түсер салмақ азаюды. 

Қазіргі сәтте «КДЛ ОЛИМП» техникалық жұмыстар мен санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың жүргізілуіне байланысты өз қызметін тоқтатып қойды. Зертханалар дүйсенбі күні қайта ашылады, осылайша тұрғындар ақылы түрде коронавирусқа тест тапсыра алады.  
 
Дәрігер Мин Хисук «Medical Partners Korea Qazaqstan» зертханаларында жүргізілетін тесттер туралы айтты. Бұл медициналық орталықтарда ақылы тест тапсыру мүмкіндігі де болған еді. Дегенмен де бұл орталықтар да зерттеуге қажетті материалдардың әуе жолдары арқылы әкелінуінің тұрақсыздығы себебінен өз қызметін уақытша тоқтатты. Зертханалар өзінің жұмысын сәрсенбі күні бастайды және тесттерді ақылы түрде өткізуге қайтып оралады. 
Бұдан өзге, «Халық Арена» мұз сарайының аумағында қосымша тестілеу пункттерін ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, Нұрлы-Тау бизнес-орталығының жанында орналасқан «Medical Partners Korea Qazaqstan» мобильді скрининг-орталығы бар екенін және онда коронавирусқа экспресс-тест тапсыруға болатынын еске саламыз.
 
Коронавирусқа тапсырылатын экпресс-тесттің ПТР-тестілеуден айырмашылығы, біріншісінде, пациент антиденелердің барына, жекелей алғанда, М және G иммуноглобулинге, ал екінші жағдайда, ол РНҚ вирусының бар-жоқтығын анықтау үшін тексеріледі. Осылайша, бірінші әдіс ауруды оның ең өршіген кезінде анықтауға бағытталған, сонымен бірге ол коронавирус инфекциясымен ауырып болғандар үшін тиімді болып табылады. Диагностикалауда тиімді әдіс болып ПТР-тестілеу болып саналады, ол ауруды бас кезінен анықтай алады.
 
Зертханалар басшыларының бәрі артылып отырған жұмыс күшіне қарамастан, олар бірінші қажеттілік туындаған жағдайда жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді. Олар сонымен бірге, жүргізілетін тест санының көп болуына байланысты оның нәтижесі әдеттегі 24 сағаттың орнына 48 сағатта шығарылуы мүмкін екендігін айтып өтті.
 

Сондай-ақ оқыңыз