Нұр-Сұлтанда демалыс күндері азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді 

Жарияланды
Бұл күндері аса қажеттілік болмаса үйден шықпау керек

Маусымның 20-21 күндері елордада тек үйдің ауласындағы азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейтін болады. Жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін. Бұл туралы Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің ремси интернет-ресурсы хабарлады.

Бұған қоса демалыс күндері барлық ОСО, сауда үйлері, желілік дүкендер, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базаларлар мен дүкендердің жұмысы тоқтатылады.

   «Қазір қалада індеттің екі – отбасылық және ұжымдық ошағы барын ескеріп, елордада «үйдегі демалысты» енгізу туралы шешім қабылданды. Бүгінде бізге, дәрігерлерге індетті жұқтыру қарқынын төмендеру және тізбекті жою керек. Әйтпесе инфекция үдеп барады. Қала тірлігігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен үйдегі азық-түлік үкендері ғана жұмыс істейді. Тіпті, базарлар да жабылады. Қала тұрғындары сенбіге дейін қажетті азық-түлік сатып алуы керек. Алайда дүрбелең тудырмаған жөн, себебі әр үйдің ауласында азық-түлік дүкендері бар. Адамдар бұл күндері үйлерінде отыруы тиіс. Аса қажеттілік болмаса үйден шықпау керек», – деді қаланың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.

Бұдан бөлек, 20-21 маусымда дәріханалар мен көшедегі дәмханалар форматындағы ашық аспан астындағы қоғамдық тамақтану орындарына жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Олар санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс.

 

Сондай-ақ оқыңыз