Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан коронавирустан емделіп жатыр

Жарияланды
Әлемдік пандемияның тоқтар түрі жоқ

Атақты дәстүрлі әнші, әрі халық қалаулысы  Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырғанын өзінің инстаграм парақшасында жазды. Күн сайын көбейіп жатқан індеттен сақтану шаралары жүргізіліп жатқанымен әлемдік пандемия тоқтар емес. Өз жазбасында депутат елдің барлығын індеттен сақтануға шақырды.

 
Қадірлі ағайын!

Соңғы күндері көп азаматтар денсаулығыма алаңдаушылық білдіріп, хабарласып жатыр.

Әлемдік пандемия салқыны маған да тиді. Коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті.

Алдымен, үй жағдайында ем қабылдап бастаған едім. Қазір ауруханада дәрігерлердің толық бақылауындамын. Тиісті ем шараларын қабылдап жатырмын.

Дәрігерлер атаған COVID симптомдарын бастан өткерудемін.

Қазір вирустың таралу ықтималдығы артты. Сондықтан, азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантин әлі бітпеді.

Аман болайық!
 

Сондай-ақ оқыңыз