Министрлікте жалақыны көтеру мәселесі талқыланып жатыр  

Жарияланды
Елімізде орташа жалақы 200 мың теңгеден аспайды 

Зерттеу нәтижелері бойынша халықтың бір адамға шаққандағы табысы 59 мың теңгеден аспайды. Бұл сома жұмыс істейтін қазақстандықтардың еңбекақысына байланысты. Өйткені, әлеуметтік төлемдер бюджеттен төленеді, яғни жұмыс істейтін азаматтардың арқасында төленеді. Ресми статистикаға сәйкес, Қазақстанда орташа жалақы 200 мың теңгеден аспайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады.

Егер тереңірек үңілер болсақ, онда қазақстандықтардың 77%-ы орташа жалақыдан төмен алады. Жалақы экономикаға, өңірге және т. б. байланысты әр түрлі. Мәселен, ауыл шаруашылығында орташа жалақы 105 мың теңгені құрайды, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстарында — 140-145 мың теңге.

Бүгінде Қазақстанда 1,3 млн-нан астам жалдамалы қызметкер бар, оның ішінде 275 мың азаматтық білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету, мәдениет және спорт қызметкерлері бар. 2019 жылғы 1 қаңтарда ЕТЖ 42 500 теңгеге дейін өсті. 2019 жылғы 1 маусымнан бастап барлық азаматтық қызметкерлердің жалақысы 30%-ға дейін өсті. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мұғалімдердің, әлеуметтік қызметкерлердің, мәдениет қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 30%-ға өсті.

Қазіргі таңда жеке секторда 5,5 млн адам жұмыс істейді. Мұнда жалақы мөлшері жұмыс берушілерге байланысты. 2019 жылы Елбасы жалақысы төмен жұмысшылардың жалақысын көтеруге шақырды. Соның нәтижесінде 205,6 мың кәсіпорын 1,2 млн қызметкердің жалақысын көтерді.

Б. Нұрымбетов атап өткендей, Еңбек министрлігі ең төменгі жалақыны көтеру бойынша жұмыс жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыз