Магистратура мен докторантураға түсу үшін сертификат қажет

Жарияланды
Ол шет тілін меңгергендігін растайды

Магистратура мен докторантураға түсу үшін қажет халықаралық сертификаттар тізімі IELTS INDICATOR және Duolingo English Test сертификаттарымен толықтырылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ) барысында шет тілінен тест тапсыруға болады.

IELTS INDICATOR бойынша шекті балл 6,0-тен кем емес, Duolingo English Test бойынша – 95-тен кем емес болуы қажет.

Докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін шет тілін меңгергендігін растайтын сертификат міндетті болып табылады.

IELTS INDICATOR бойынша шекті балл – 5,5-тен кем емес, Duolingo English Test бойынша – 85-тен кем емес болуы қажет.

IELTS INDICATOR сертификатының қолданылу мерзімі 2 жылды құрайды, ал Duolingo English Test сертификаты 1 жылға дейін жарамды.
 

Сондай-ақ оқыңыз