Коронавирустан  тағы 3 науқас қайтыс болды 

Жарияланды
Елімізде бұл індеттен 150 адам көз жұмды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде тағы 3 науқас індеттен қайтыс болды. Олар Солтүстік-Қазақстан облысы мен Шығыс-Қазақстан облысының тұрғындары.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Жұқтырғандар саны  19 750-ге жетті.

12 548 адам індеттен  жазылды.

Қазақстан бойынша барлығы 150 адам қайтыс болды.

Сондай-ақ оқыңыз