Қазақстанда екі жаңа телеарна ашылады

Жарияланды
Олардың бірі білімге, ал екіншісі мәдениетке арналады

Қазақстанда жазда Әл-Фараби және Абай телеарналары іске қосылады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті.

Аида Балаева халыққа есеп беру кездесуі барысында атап өткендей, «Әл-Фараби» телеарнасы, ол «Хабар» телеарнасының базасында жаңа оқу жылының қарсаңында көрсетіле бастайды.

«Әл-Фараби» телеарнасы оқу-ағарту телевизиялық платформа болады және 6-18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге арналады.

«Абай ТВ» телеарнасы 30 маусымда іске қосылады. Ол «Қазақстан» ТРК» құрамына кіреді және отандық мәдениет мұрасын насихаттайтын арна болады.

  «Министрлік тарапынан отандық ақпарат кеңестігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде. Онда жабдықтарды жаңарту, сондай-ақ, әсіресе елдің шекаралас аймақтарында хабар тарату желісін кеңейту тәсілдері қарастырылған», – деді ол. 
 

Сондай-ақ оқыңыз