Қазақстан Ресейге  хлор мен тұз қышқылын экспорттайды 

Жарияланды
Тапсырысты Павлодардағы «Каустик» заманауи химиялық өндіріс кәсіпорны орындайды

«Каустик» АҚ – қазақстандық және халықаралық сапа талаптарына сәйкес келетін заманауи химиялық өндіріс ошағы. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстанда химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және импорт алмастыру жөніндегі бағдарлама шеңберінде орындалды.

2011 жылы «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының негізгі кәсіпорны ретінде мембраналық технология бойынша хлор-сілтілі өнім өндіретін жоғары технологиялық химия зауыты салынды. Жобаға 108 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынды.

Бүгінгі таңда «Каустик» АҚ – каустикалық сода, хлор, тұз қышқылы және натрий гипохлоритін өндіретін жалғыз кәсіпорын. Зауыт өнімдері өнеркәсіптің негізгі салаларында және елдің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету салаларында қолданылады.
 

Сондай-ақ оқыңыз