Қазақ киносының көрнекті қайраткерлеріне арналған мемориалды жаңартады

Бұл жобаға «Қазақфильм» президенті жеке инвестиция тартты

Фото: Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсенов қазақ киносының көрнекті қайраткерлерін еске алуға арналған мемориалды жаңарту үшін жеке инвестиция тартты. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында мәлімдеді.

Естеріңізге салсақ, киностудияның кіре берісінде орналасқан мемориалды кешен қазақ киносының негізін қалаушы Шәкен Аймановтың ескерткіші, ҰОС жылдарында Біріккен Орталық киностудияда жұмыс істеген қызметкерлердің есімдері жазылған мемориалды тақта және 30-ға жуық киногерлердің есімі жазылған жұлдыздар аллеясынан тұрады.

«Өткенсіз болашақ жоқ екенін мен қашан да айтып жүремін. Сондықтан да осы қызметке келгелі бері қазақ кино өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан киногерлердің есімдерін жаңғыртуға, олардың еңбегін дәріптеуге ерекше көңіл бөлемін. Біраз жыл бұрын құрылған бұл кешен уақыт өткен сайын әбден ескірген. Шәкен Кенжетайұлы ескерткіші тұғырының беткейлері мен жұлдыздар аллеясына қараған сайын жаным ауырады, – деді киностудия президенті Арман Әсенов

Осылайша киностудия басшысы мемориалды кешенге қатысты ойымен белгілі бизнесмен досымен бөліскенде, ол бұл мәселе бойынша көмектесуге дайын екендігін білдірген. Бүгінгі таңда жаңа кешеннің жобасы дайын, оны жақын арада көпшілікке ұсынады.

«Мемориалдық кешенді жаңарту барысында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай майдангер-киногерлерге де құрмет көрсететінімізді жеткізгім келеді. Бүгінде ұйымдастыру тобы олардың тізімін жасауға кірісіп те кетті. Оған қоса қазақ киносының тарихында өшпес із қалдырған, құрметке лайық көптеген қайраткерлердің есімдерін ұмытпауымыз қажет, – деді Арман Әсенов

Киностудия басшысының айтуына қарағанда жақын арада Жұлдыздар аллеясы Кәукен Кенжетаев, Павел Зальцман, Құман Тастанбеков, Михаил және Федор Аранышев, Жамбыл Құдайбергенов, Юрий Померанцев, Нұрмұхан Жантөрин, Михаил Колбасовскийлердің есімдерімен толығады.


 

banner_wsj.gif

Сотталғандар жазасын провизорлық стационарда өтеп жүр

Павлодар облысында шартты түрде сотталғандар дәрігерлерге көмекке келді

Фото: Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз орталығы

31 жастағы павлодарлық Светлана біраз уақыт бұрын шартты түрде сотталып, пробация қызметіне тіркеуге тұрған еді. Кейін оған Павлодар ауданының жұмыспен қамту орталығына жолдама берілген. Соған сәйкес, медициналық білімі әрі осы салада тәжірибесі бар Светлана провизорлық стационарлардың біріне жұмыс істеуге жіберілді. 

«Сотталғанға дейін облыстық ауруханада жұмыс істеп, тәжірибе жинадым. Стационарда қызмет етіп жүргеніме бір аптадан астам уақыт өтті. Негізгі міндетім – пациенттерге күтім жасау», - дейді Светлана. 

Одан бөлек, ол медициналық колледжге құжаттарын тапсырып, білімін одан әрі жетілдірмек ниетте. 

Светлана сияқты Қайрат есімді сотталған азамат та жазасын провизорлық стационарларға көмек көрсету арқылы өтеуде.   

«Облыс орталығындағы ауруханаларға төсект, жиһаз тасып жүрмін. Осы сияқты басқа да жұмыстар жүктеледі. Жаза ретінде белгіленген сағаттарды өтеп қана қоймай, қоғамға пайдамның тиіп жатқанына қуаныштымын. Жазаның осындай түрінің белгіленуі әділ деп есептеймін», – дейді ол. 

Пробация қызметінің бастығы Әсет Мыңжасаровтың айтуынша, еңбектің мұндай түріне тұрақты жұмыс орны жоқ әрі бас бостандығын шектеу жазасы белгіленген сотталғандар тартылады. 

«Пандемияға және пневмонияға шалдыққандар саны күрт артқандықтан, Павлодар облысында қосымша провизорлық стационарлар ашылды. Бұл өз кезегінде қосымша жұмыс күшін қажет етеді. Сондықтан жазасын өтеу жөнінде жолдама алғандар қаладағы ауруханаларға жіберіліп, көмек көрсетуде. Бүгінде сотталған бес азамат осы іске жұмылдырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, жазасын өтеушілер медицина қызметкерлеріне қол ұшын созатын болады»,  – дейді Әсет Мыңжасаров. 

Айта кетелік, Павлодар облысының аумағында қосымша провизорлық стационарлар мен триаж-орталықтар ашылғалы бері дәрігерлердің, медициналық қызметкерлердің аздығы қатты сезіле бастады. Осы уақытқа дейін денсаулық сақтау саласының ардагерлері, жеке емханалардың қызметкерлері, медициналық жоғары оқу орнын тәмамдаған түлектер, барлығы 200-ден астам адам дәрігерлерге көмекке келді. Жүктемені азайтып, пациенттерді сапалы ем-дом көрсету үшін тағы 400-ге жуық адам керек. Олардың барлығына белгіленген тарифтік көрсеткіштер бойынша қаражат төленетін болады. 

 

 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер