Қарағанды облысында дала өрті жалғасуда

19 өрт орын алған

Фото: ТЖ комитеті

Демалыс күндері Қарағанды облысында дала алқаптарының 19 өрт тіркелді, оның 16-сы сөндірілді. Бұл туралы Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. 


Осакаров ауданында 40 гектар аумақта құрғақ шөп жанған. Ұлытау ауданында жалпы аумағы 125 гектарды құрайтын 4 жануы орын алды.


Қарқаралы ауданында жалпы ауданы 135 гектар болатын бес дала өрті орын алды. Нұра ауданында жану алаңы 40 гектарды құрады. 


Сондай-ақ Ақтоғай, Жаңаарқа, Бұқар Жырау аудандарында дала жануы болды. 14 маусымда басталған тағы үш дала жануы әлі жалғасуда.

Ақтоғай ауданында Ортадересін ауылынан солтүстік-батысқа қарай 50 км жерде алдын ала алаңы 47 га құрғақ шөп жанды. Тағы да Ақтоғай ауданында Құсақ ауылынан солтүстікке қарай 30 км жерде шамамен 45 га аумақта құрғақ шөп өртенді.


Ұлытау ауданында Борсеңгір ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 67 км жерде шамамен 35 гектар құрғақ шөп өртенді. Өртті сөндіруге Қарағанды облысының ТЖД бөлімшелері мен ерікті өртке қарсы құрамалар жұмылдырылды. Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері облыста 82 дала өрті мен жану тіркелген. Жалпы аумағы 2000 га астам.


Көптеген жағдайларда табиғи өрттер адамдардың ұқыпсыздығынан туындайды: тасталған темекі тұқылы, сөндірілмеген алау, қоқыс, күн орнында тасталған шыны және т.б. себептер.


Қарағанды облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарын ормандар мен далаларда өрт қауіпті кезеңде отты қолдану кезінде ерекше сақтықты сақтауды сұрайды.

banner_wsj.gif

Елорданың дәріханаларындағы дәрі бағасын арнайы топ қадағалайды

Дәрі-дәрмек адам басына 2-3 қаптамадан ғана беріледі

Фото:astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласы дәріханаларындағы дәрі-дәрмектің қолжетімділігін арнайы құрылған топ қадағалайды. Сонымен қатар дәрілік заттарды тарату адам басына 2-3 қаптамамен шектелген, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты

Қаланың дәріханаларында пандемияға жағдайында қажетті дәрі-дәрмектердің болуын қадағалайтын мониторингтік топ елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шешімімен құрылды. Топты Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің департаменті кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, «Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметін қолдау және дамыту қауымдастығы» ЗТБ-мен бірлесіп құрды. 

Мамандар қаланың дәріханаларында дәрі-дәрмектердің қол жетімділігіне күнделікті мониторинг жүргізеді. 

Тізімде мынадай препараттар бар: «Тамифлю», «Кардиомагнил», «Аспирин», «Тромбо асс», «Аспирин-Кардио», «Ксарелто 15 мг», «Азитро 500 мг», «Азитрокс 500 мг», «Азитромицин 500 мг», «Азицин 500 мг», «Заха 500 мг», «Зитмак 500 мг», «Зитрокс 500 мг», «Сумамед 500 мг», «Амоксиклаб», «Аугментин», «Амоксиклав», «Клавам», «Флемоклав Солютаб», «Цефиксим», «Цефим», «Супракс солютаб», «Супракс 24», «Токсим-О», «Тамифлю», «Осельтамивир», «Инфлюцеин», «Флувир», «Номидес», «Ингавирин 90 мг», «Эргоферон», «Кагоцел», «Арпефлю», «Парацетамол», «Эффералган», «Панадол», «Нурафен», «Ибупрофен», «Новиган», «Миг 400», «Нимесулид». 

«Дәріхана ұйымдарының басшыларына Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес дәрі-дәрмектердің шекті бөлшек сауда бағаларын қатаң сақтау тапсырылды. Шешім дәріхана ұйымдары үшін міндетті болып табылады. Сонымен қатар бүгінгі күнге дейін әкімдік пен бөлшек сауда желісінің қауымдастықтары арасында дәрі-дәрмек жеткізілімін шектеу мақсатында әр сатып алушыға 2-3 қаптамадан асырмау туралы меморандум жасалды. «Емдеу кезінде препараттың дәл осындай мөлшері қажет, өйткені олардың жарамдылық мерзімі және сақтау шарттары бар», – деп хабарлады департаменттен.

9 шілдеге дейін бірқатар вирусқа қарсы, ыстық түсіретін дәрілер мен антибиотиктер елорда дәріханаларына жеткізіледі деп күтілуде. Сонымен қатар ыстық түсіретін дәрі-дәрмектердің тапшылығында олардың балама нұсқалары бар: «Панадол», «Эффералган», «Ибупрофен», «Ибуфен», «Миг», «Новиган», олар дәріханаларда бар. Коронавирус инфекциясының алдын алу үшін азаматтар санитарлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керек: маска, қолғап киіп, қолын сабынмен жуып, әлеуметтік қашықтық сақтау қажет.
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg