Еріктілер egov.kz порталында электрондық қызметтерді алуға көмектеседі

Үйден шықпай-ақ , керекті қызметке қол жеткіз

Фото;ААҮ баспасөз қызметі

«Цифрлық» еріктілер қазақстандықтарға электрондық мемлекеттік қызметтерді алуға көмектеседі,-деп хабарлайды “Азаматтарға арналған үкіметтің” баспасөз қызметі

500-ге жуық ерікті Азаматтарға арналған үкімет пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесе отырып, мемлекеттік қызметті онлайн режимінде алу дағдылары бойынша ұйымдастырған тиісті оқу курстарынан өтті. 

Еріктілер азаматтарға мобильді азаматтар базасында өз бетінше тіркелуге, ЭЦҚ алуға, халыққа қызмет көрсету орталығына кезекті брондауға, сондай-ақ egov.kz порталында электрондық қызметтерді алуға көмектеседі деп жоспарланып отыр.

Азаматтарға арналған үкіметтің төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, мемлекеттік корпорация төтенше жағдай мен карантин енгізілгенге дейін де еріктілер ұйымдарымен ынтымақтастық құра бастаған. Қазір еріктілердің көмегі бұрынғыдан да қажет бола түсті. «Өңірлердегі түсіндірме жұмыстарына еріктілер тартылды, олар ХҚО-ға келуші азаматтарға кеңес бере отырып, бізге үлкен қолдау көрсетіп жатыр. ХҚО-лар 2 айға жуық уақыт жұмыс істемегендіктен, қызмет алушылардың саны күрт көбейді. Сондықтан қазіргі уақытта біздің барлық маман мемлекеттік қызметтерді көрсетумен айналысуда», – деді Балташева.

Еске салайық, халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғимараттарында электрондық қызметтер бұдан былай көрсетілмейді. Оларды әкімдіктерде, сауда және ойын-сауық орталықтарында, медициналық ұйымдар мен университеттерде және т.б. жерлерде орналасқан арнайы egov бұрыштарынан алуға болады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 600-ден  астам осындай бұрыш бар. Еріктілер азаматтарға сол жерлерде де кеңес береді деп жоспарланған. Сондай-ақ қызметтерді өз бетінше алу бойынша кеңестер халыққа қызмет көрсету ғимаратының кіреберісінде және цифрлы халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетіледі.

Қызылордалық «Golden Qazaqstan» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытбек Кенжебектің айтуынша, олар ең алдымен ХҚО-ның жұмыс барысымен, қызмет көрсетудің жаңа форматымен танысып, оқудан өткен. «Мұнда еріктілер өз біліктіліктерін арттырып қана қоймай, халықтың көп сұрататын мемлекеттік қызметтері бойынша кеңес беріп,  өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында тұрғындарға онлайн қызметтерді алу жолдарын түсіндіріп, көмек көрсетіп жатыр. Кішкене болса да халықтың кәдесіне жарап, цифрлық дағдыларын жоғарылатуға көмектесіп жатқанымызға қуаныштымыз», – деп толықтырды Бақытбек.

Айта кету керек, халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыс істегісі келетін жастардың көпшілігі Қарағанды облысы мен Шымкент қаласынан. Ең азы – Павлодар облысынан.

 

banner_wsj.gif

Сотталғандар жазасын провизорлық стационарда өтеп жүр

Павлодар облысында шартты түрде сотталғандар дәрігерлерге көмекке келді

Фото: Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз орталығы

31 жастағы павлодарлық Светлана біраз уақыт бұрын шартты түрде сотталып, пробация қызметіне тіркеуге тұрған еді. Кейін оған Павлодар ауданының жұмыспен қамту орталығына жолдама берілген. Соған сәйкес, медициналық білімі әрі осы салада тәжірибесі бар Светлана провизорлық стационарлардың біріне жұмыс істеуге жіберілді. 

«Сотталғанға дейін облыстық ауруханада жұмыс істеп, тәжірибе жинадым. Стационарда қызмет етіп жүргеніме бір аптадан астам уақыт өтті. Негізгі міндетім – пациенттерге күтім жасау», - дейді Светлана. 

Одан бөлек, ол медициналық колледжге құжаттарын тапсырып, білімін одан әрі жетілдірмек ниетте. 

Светлана сияқты Қайрат есімді сотталған азамат та жазасын провизорлық стационарларға көмек көрсету арқылы өтеуде.   

«Облыс орталығындағы ауруханаларға төсект, жиһаз тасып жүрмін. Осы сияқты басқа да жұмыстар жүктеледі. Жаза ретінде белгіленген сағаттарды өтеп қана қоймай, қоғамға пайдамның тиіп жатқанына қуаныштымын. Жазаның осындай түрінің белгіленуі әділ деп есептеймін», – дейді ол. 

Пробация қызметінің бастығы Әсет Мыңжасаровтың айтуынша, еңбектің мұндай түріне тұрақты жұмыс орны жоқ әрі бас бостандығын шектеу жазасы белгіленген сотталғандар тартылады. 

«Пандемияға және пневмонияға шалдыққандар саны күрт артқандықтан, Павлодар облысында қосымша провизорлық стационарлар ашылды. Бұл өз кезегінде қосымша жұмыс күшін қажет етеді. Сондықтан жазасын өтеу жөнінде жолдама алғандар қаладағы ауруханаларға жіберіліп, көмек көрсетуде. Бүгінде сотталған бес азамат осы іске жұмылдырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, жазасын өтеушілер медицина қызметкерлеріне қол ұшын созатын болады»,  – дейді Әсет Мыңжасаров. 

Айта кетелік, Павлодар облысының аумағында қосымша провизорлық стационарлар мен триаж-орталықтар ашылғалы бері дәрігерлердің, медициналық қызметкерлердің аздығы қатты сезіле бастады. Осы уақытқа дейін денсаулық сақтау саласының ардагерлері, жеке емханалардың қызметкерлері, медициналық жоғары оқу орнын тәмамдаған түлектер, барлығы 200-ден астам адам дәрігерлерге көмекке келді. Жүктемені азайтып, пациенттерді сапалы ем-дом көрсету үшін тағы 400-ге жуық адам керек. Олардың барлығына белгіленген тарифтік көрсеткіштер бойынша қаражат төленетін болады. 

 

 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер