Елорда емханалары жоспарлы қабылдау мен науқастарды қарауды тоқтатады

23 маусымнан бастап

Фото: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 23 маусымнан бастап қала емханаларында науқастарды жоспарлы қабылдау мен қарау тоқтатылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 


Атап айтқанда: ересектер мен балаларды профилактикалық қабылдау, оның ішінде скринингтер, жоспарлы стоматологиялық, оңалту қызметтері, денсаулық мектебі, медициналық-әлеуметтік қолдау, МӘС құжат рәсімдеу, күндізгі бөлімнің жұмысы, жоспарлы түрде ауруханаға жатқызуға жолдама беру, тәулік бойғы және күндізді стационар бар. Мамандардың жоспарлы консультациялық көмек көрсетуі онлайн форматқа ауыстырылады. 


Диспансерлік тіркеуде тұрған азаматтарға қажетті рецепт онлайн беріліп, дәрі-дәрмек үйге дейін жеткізіп беріледі. 


Халықты вакцинациялау екпенің ұлттық күнтізбесі бойынша жоспарлы түрде жүргізіледі. Жүкті әйелдерді қабылдау, УДЗ скрининг жүргізу штаттық режимде қалады.


Қала емханалары тек шұғыл және КВИ белгілері бар науқастарды ғана қабылдайды. Коронавирустың ауру белгілері жоқ науқастарын емдеу үшін медицина қызметкерлері бейнеқоңырау және байланыстың басқа да арналарын пайдалану арқылы азаматтардың денсаулығын қадағалап отырады және инфекцияның симптомсыз түріне қатысты мәселелер бойынша консультация өткізетін болады.


Ауру белгілері байқалған бойда науқастарды ауруханаға жатқызады. 22 маусымда қосымша 200 орындық стационар дайындалды. Қажеттілік туындаған жағдайда басқа да ұйымдар стационар ретінде бейімделетін болады.
 

banner_wsj.gif

Әлем елдерінің парламентінде гендерлік теңдік сақтала ма?

Соңғы 25 жылда әйелдердің үлесі 2 есе өскен

Фото: Асқар Ахметуллин

Соңғы 25 жылда парламенттегі әйелдердің үлесі екі есе өскен. Халықаралық парламент одағының (Inter-Parliamentary Union) мәліметі бойынша, бүкіл әлемдегі сайланбалы заң шығарушы органдардағы орынның 25 пайызы әйелдерге тиесілі. 

1995 жылдары парламенттегі әйелдердің үлесі бойынша Скандинавия және басқа да дамыған мемлекеттер көшбасшы болып, бірінші орында Швеция тұрған. Қазіргі кезде парламенттегі әйелдер саны бойынша Шығыс Африкада орналасқан Руанда көш бастап тұр. 

Төменгі палатадағы депутаттық 80 орынның 49-ын әйелдер иеленген, соның ішінде 24 орын әу баста-ақ әйел адамдар үшін арнайы квота ретінде бөлінеді. Дүниежүзілік экономикалық форумның байламы бойынша, 2015 жылы Руанда Үкіметі әлемдегі ең нәтижелі биліктің ондығына енген.

Куба Республикасының бір палаталы парламентіндегі 605 депутаттың 322-і – әйелдер, бұл мемлекетте биліктегі әйелдердің үлесі өте жоғары. Одан кейінгі орында Боливия тұр, онда парламен төменгі палатасының 53,3 пайызын әйелдер құрайды. 2019 жылдан республиканы ел тарихындағы алғашқы әйел-президент Жанин Аньес басқарып келеді. 

Ал төртінші орында – Біріккен Араб әмірліктері. Бұл елде парламеттің қызметін ұлттық аймақтық кеңес атқарады, онда президент резолюциясы бойынша әйел адамдарға 50 пайыз квота бөлінген. БАӘ ұлттық кеңесі – заң шығарушы орган емес. Тек заңды талқылау мен оған өзгертулер мен толықтыру енгізуге құқылы. 

Ал Швеция қазір жетінші орынға түсіп кеткен. Ел парламентіндегі әйелдердің үлесін арттыру бағытында соңғы ширек ғасырда Оңтүстік және Солтүстік Америка елдері қарқынды дамыды. Бұл ретте Тынық мұхиты аймағындағы мемлекеттерде алға жылжу аз. Мәселен, Папуа-Жаңа Гвинея және Вануату сынды мемлекеттердің парламентінде әйел адамдар мүлдем жоқ. 

Ал ТМД елдері арасында парламенттегі әйелдер саны бойынша бірінші орында Беларусь келеді, ал әлем елдері арасында –22 орында. Бұл елде парламент төменгі палатасындағы әйел депутаттардың саны 40 пайызды құрайды.

aiel.png

Осы ретте әйелдердің сайлау процесіне қатысуы елдегі саяси еркіндіктің кепілі бола алмайтынын айта кеткен жөн. Айталық, Руанданың өзі Freedom House тұжырымы бойынша, еркіндік рейтингіндегі 100 балдың тек 22-сін жанап, еркіндік жоқ елдердің қатарына кірген. Ал Араб әмірліктеріндегі еркіндік деңгейі 17 баллға бағаланса, Куба Республикасында тіптен төмен – бар-жоғы 14 балл. 

Кейбіл елдерде парламенттегі әйелдер санының артуын арнайы квота енгізілуімен түсіндіруге болады. Парламентаралық кеңестің бас хатшысы Мартин Чунгонг  квота енгізілген елдерде әйелдер өз қабілеттерін барынша көрсете алатынын атап өткен.

Әйелдердің сайлау процесіне қатысуына кепіл берілуі көптеген елдерде өз нәтижесін беріп келеді. Биліктің сайланбалы органдарында әйелдер үшін арнайы квота бөлу тәжірибесі әлемнің 104 елінде қолданылады. 
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg