Еліміздің бес аймағында зейнетақы қорының филиалдары жұмысын бастады

Жарияланды
Енді enpf.kz сайтында «Электрондық қызметтер» көрсетіледі

Қазақстанда соңғы апталарда карантиндік шектеулерді кезең-кезеңімен алып тастау басталды. Осыған байланысты БЖЗҚ бес аймақтық филиалдарда (Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары) және Нұр-Сұлтан қаласының филиалында Қордың салымшылары мен алушыларының күндізгі қызмет көрсету нысанына біртіндеп көшуді басталды. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ-ның ресми телеграм-арнасы хабарлады.

Коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуының ағымдағы жағдайын және республиканың кейбір қалаларында сақталып отырған карантинді ескере отырып, БЖЗҚ осы филиалдарда бірқатар шектеу іс-шараларын енгізеді, атап айтқанда қабылдау алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады. Алдын ала жазылу үшін enpf.kz сайтында «Электрондық қызметтер» – «Қызмет көрсетуге кезекті брондау» бөлімінде жасау өте оңай.

 

Сондай-ақ оқыңыз