Елімізде жыл сайын 300 мың тонна мырыш, 150 мың тонна қорғасын өндіріледі

2019 жылы әлемдік қорғасын өндірісі 11,9 млн тоннаны құрады

Фото:Shutterstock

QazIndustry баяндамасында ILZSG (International Lead and Zinc Study Group) деректеріне сәйкес 2019 жылы әлемдегі мырыш өндірісі 13,5 млн тоннаны (2018 жылы – 13,1 млн тонна) құрағандығы айтылған. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram жаңалықтары хабарлады.

Қазақстанда жыл сайынғы мырыш өндірісі 300 мың тонна шамасында. Негізінен ол ірі өндіруші «Қазмырыш» ЖШС орналасқан  Шығыс Қазақстан облысында шоғырланған. Ол өндірістің 95% астамын құрайды. Бұл - өндірістік қуаты жылына 190 мың тонна Өскемен металлургиялық кешені және өндірістік қуаты жылына 112 мың тонна жоғары маркалы тауарлы мырыш және  мырыш-алюминий құймасын өндіретін Риддер металлургиялық кешені.   

ILZSG деректері бойынша 2019 жылы әлемдік қорғасын өндірісі 11,9 млн тоннаны құрады (2018 жылы – 11,8 млн тонна). Қазақстанда өндірілетін қорғасынның барлық көлемі – жылына 120-150 мың тонна «Қазмырыш» ЖШС келеді (2019 жылы 99,6%).

banner_wsj.gif

Сотталғандар жазасын провизорлық стационарда өтеп жүр

Павлодар облысында шартты түрде сотталғандар дәрігерлерге көмекке келді

Фото: Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз орталығы

31 жастағы павлодарлық Светлана біраз уақыт бұрын шартты түрде сотталып, пробация қызметіне тіркеуге тұрған еді. Кейін оған Павлодар ауданының жұмыспен қамту орталығына жолдама берілген. Соған сәйкес, медициналық білімі әрі осы салада тәжірибесі бар Светлана провизорлық стационарлардың біріне жұмыс істеуге жіберілді. 

«Сотталғанға дейін облыстық ауруханада жұмыс істеп, тәжірибе жинадым. Стационарда қызмет етіп жүргеніме бір аптадан астам уақыт өтті. Негізгі міндетім – пациенттерге күтім жасау», - дейді Светлана. 

Одан бөлек, ол медициналық колледжге құжаттарын тапсырып, білімін одан әрі жетілдірмек ниетте. 

Светлана сияқты Қайрат есімді сотталған азамат та жазасын провизорлық стационарларға көмек көрсету арқылы өтеуде.   

«Облыс орталығындағы ауруханаларға төсект, жиһаз тасып жүрмін. Осы сияқты басқа да жұмыстар жүктеледі. Жаза ретінде белгіленген сағаттарды өтеп қана қоймай, қоғамға пайдамның тиіп жатқанына қуаныштымын. Жазаның осындай түрінің белгіленуі әділ деп есептеймін», – дейді ол. 

Пробация қызметінің бастығы Әсет Мыңжасаровтың айтуынша, еңбектің мұндай түріне тұрақты жұмыс орны жоқ әрі бас бостандығын шектеу жазасы белгіленген сотталғандар тартылады. 

«Пандемияға және пневмонияға шалдыққандар саны күрт артқандықтан, Павлодар облысында қосымша провизорлық стационарлар ашылды. Бұл өз кезегінде қосымша жұмыс күшін қажет етеді. Сондықтан жазасын өтеу жөнінде жолдама алғандар қаладағы ауруханаларға жіберіліп, көмек көрсетуде. Бүгінде сотталған бес азамат осы іске жұмылдырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, жазасын өтеушілер медицина қызметкерлеріне қол ұшын созатын болады»,  – дейді Әсет Мыңжасаров. 

Айта кетелік, Павлодар облысының аумағында қосымша провизорлық стационарлар мен триаж-орталықтар ашылғалы бері дәрігерлердің, медициналық қызметкерлердің аздығы қатты сезіле бастады. Осы уақытқа дейін денсаулық сақтау саласының ардагерлері, жеке емханалардың қызметкерлері, медициналық жоғары оқу орнын тәмамдаған түлектер, барлығы 200-ден астам адам дәрігерлерге көмекке келді. Жүктемені азайтып, пациенттерді сапалы ем-дом көрсету үшін тағы 400-ге жуық адам керек. Олардың барлығына белгіленген тарифтік көрсеткіштер бойынша қаражат төленетін болады. 

 

 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер