Елімізде жол көлік оқиғасының саны азайды

Жарияланды
Жолдағы апаттық деңгей 15% төмендеді

 «QazAvtoJol» ҰК» АҚ-да бейне байланыс арқылы өткен ведомствоаралық мәжіліс барысында республикалық маңызы бар жолдардағы қауіпсіздік мәселесі талқыланды.  Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.

Онлайн кездесуге ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің, Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының, сондай-ақ, «Жол активтері сапасы ұлттық орталығының» РМК, «ҚазжолҒЗИ» АҚ, «Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС және «Қазақатожол» ЖШС өкілдері қатысты. 

Мамандардың айтуына қарағанда, елімізде төтенше жағдайды енгізу жолдардағы апаттылық деңгейінің төмендеуіне септігін тигізді. Осы ретте 2020 жылдың 5 айында ЖКО оқиғаларының саны 15% төмендеп, 638 оқиғаны құрады.
 

Сондай-ақ оқыңыз