Елімізде ұшқышсыз ұшатын аппараттар құрастырылмақ

Жарияланды
Кәсіпорын Ан-72, Су-25 Су-27, С-295 ұшақтарын шығарған

«Қазақстанның авиациялық индустриясы» ЖШС ұшқышсыз ұшатын аппараттар құрастыратын өндіріс ұйымдастырмақшы. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Қазақстанның авиациялық өнеркәсіпті дамыту және әуе кемелерін өндіру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында құрылған «Қазақстан авиациялық индустриясы» ЖШС заманауи авиациялық кәсіпорны 2016 жылы пайдалануға берілді. 

«Қазақстан авиациялық индустриясы» ЖШС алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – мемлекеттік авиацияның әуе техникасы жарамдылығын қалпына келтіру бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау. Бұл міндеттерді әскери ұшақтарды пайдалануда тәжірибесі мен дағдысы бар мамандар, сондай-ақ еліміздің және шетелдердің бейінді оқу орындарында білім алған жас инженерлер мен техниктерден тұратын жоғары білікті қызметкерлер орындайды. 

2018-2020 жылдары Қазақстан Республикасы аумағында алғаш рет отандық кәсіпорын Ан-72, Су-25 Су-27, С-295 ұшақтарында регламенттік жұмыстарды орындады.

Соңғы жылдары кәсіпорынның штаттық персоналы 2 есеге, яғни 200 адамға дейін артты. 

2020 жылы еліміздің мемлекеттік органдарын қамтамасыз ету үшін тиімділігі жоғары көпфункционалды ұшқышсыз ұшатын аппараттарды құрастыратын өндірісті ұйымдастыру жоспарланып отыр. 

Сонымен қатар, кәсіпорын алдында авиациялық қызметтердің азаматтық нарығына, оның ішінде экспортқа шығу мақсаты тұр. Бұл шаралар болашақта өңірлік көпфункционалды сервистік авиациялық орталық мәртебесіне үміткер болуға мүмкіндік береді.
 

Сондай-ақ оқыңыз