Елімізде туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді

Қазақстан туризм маусымын бастауға толық дайын

Фото: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы

Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен селекторлық отырыста министрліктер, «Атамекен» ҰКП және өңірлер әкімдіктерінің басшылығының қатысуымен Қазақстанда туризм маусымын жандандыру мәселелері қаралды. Бұл туралы  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады.

Отырыста Төтенше жағдай кезінде Үкімет тарапынан бұл салаға мүлік салығынан және еңбекақы төлеу қорынан салық төлеу мен басқа да төлемдерден босату тұрғысынан мемлекеттік қолдау көрсетілгені аталып өтті.

 Сонымен қатар, заңнамалық деңгейде туристік салаға қосымша қолдау көрсету шаралары қаралып жатыр:

*туристік объектілерді жаңадан салу, реконструкциялау және жабдықтау кезінде инвестиция сомасының 10%-ын өтеу және преференция беру;

*әр шетелдік турист үшін туроператордың шығындарын субсидиялау;

*әуе компанияларына ішкі әуе бағыттары бойынша балалардың жол ақысын 100% өтеу;

*кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы нысандарды салу және қызмет көрсету бойынша шығындарының 25%-ын өтеу;

*туроператорлар мен турагенттіктердің туристік көлік құралдарын сатып алу шығындарының 25%-ын өтеу.

2019-2025 жылдарға арналған туристік саланы дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында 44 туристік жобаға инфрақұрылым жүргізу мақсатына республикалық бюджеттен 51,5 млрд тг қаражат бөлінді. Бұл — аталған саланы қолдаудың рекордтық көрсеткіші деуге болады.

Кеңесте Қазақстанда туризм маусымын бастауға толық дайындық жасалғаны хабарланды: туристік нысандардың жұмыс алгоритмі әзірленді, жолаушыларды тасымалдаудың авиа, теміржол және автобус маршруттары іске қосылған.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов өңірлердің әкімдіктеріне туристік объектілердің дайындығы туралы актілерді беру жұмысын жеделдетуді, жаңа туристік бағдарлар мен толыққанды ақпараттар жиынтығын жасауды, сондай-ақ аталған салаға инвестиция тарту жұмысын күшейтуді тапсырды.
 

banner_wsj.gif

Сотталғандар жазасын провизорлық стационарда өтеп жүр

Павлодар облысында шартты түрде сотталғандар дәрігерлерге көмекке келді

Фото: Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз орталығы

31 жастағы павлодарлық Светлана біраз уақыт бұрын шартты түрде сотталып, пробация қызметіне тіркеуге тұрған еді. Кейін оған Павлодар ауданының жұмыспен қамту орталығына жолдама берілген. Соған сәйкес, медициналық білімі әрі осы салада тәжірибесі бар Светлана провизорлық стационарлардың біріне жұмыс істеуге жіберілді. 

«Сотталғанға дейін облыстық ауруханада жұмыс істеп, тәжірибе жинадым. Стационарда қызмет етіп жүргеніме бір аптадан астам уақыт өтті. Негізгі міндетім – пациенттерге күтім жасау», - дейді Светлана. 

Одан бөлек, ол медициналық колледжге құжаттарын тапсырып, білімін одан әрі жетілдірмек ниетте. 

Светлана сияқты Қайрат есімді сотталған азамат та жазасын провизорлық стационарларға көмек көрсету арқылы өтеуде.   

«Облыс орталығындағы ауруханаларға төсект, жиһаз тасып жүрмін. Осы сияқты басқа да жұмыстар жүктеледі. Жаза ретінде белгіленген сағаттарды өтеп қана қоймай, қоғамға пайдамның тиіп жатқанына қуаныштымын. Жазаның осындай түрінің белгіленуі әділ деп есептеймін», – дейді ол. 

Пробация қызметінің бастығы Әсет Мыңжасаровтың айтуынша, еңбектің мұндай түріне тұрақты жұмыс орны жоқ әрі бас бостандығын шектеу жазасы белгіленген сотталғандар тартылады. 

«Пандемияға және пневмонияға шалдыққандар саны күрт артқандықтан, Павлодар облысында қосымша провизорлық стационарлар ашылды. Бұл өз кезегінде қосымша жұмыс күшін қажет етеді. Сондықтан жазасын өтеу жөнінде жолдама алғандар қаладағы ауруханаларға жіберіліп, көмек көрсетуде. Бүгінде сотталған бес азамат осы іске жұмылдырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, жазасын өтеушілер медицина қызметкерлеріне қол ұшын созатын болады»,  – дейді Әсет Мыңжасаров. 

Айта кетелік, Павлодар облысының аумағында қосымша провизорлық стационарлар мен триаж-орталықтар ашылғалы бері дәрігерлердің, медициналық қызметкерлердің аздығы қатты сезіле бастады. Осы уақытқа дейін денсаулық сақтау саласының ардагерлері, жеке емханалардың қызметкерлері, медициналық жоғары оқу орнын тәмамдаған түлектер, барлығы 200-ден астам адам дәрігерлерге көмекке келді. Жүктемені азайтып, пациенттерді сапалы ем-дом көрсету үшін тағы 400-ге жуық адам керек. Олардың барлығына белгіленген тарифтік көрсеткіштер бойынша қаражат төленетін болады. 

 

 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер