Елімізде тағы бір мәрте 50 мың теңгелік жәрдемақы берілетін болды

Бұл қаражат мұқтаж отбасылар үшін ғана

Фото:Shutterstock

Елімізде тағы бір мәрте 50 мың теңге төленетін болды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті. Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары телеграм каналы хабарлады.

Байбектің Instagram-дағы жазбасына сүйенсек, әлеуметтік көмек осымен үшінші мәрте тағайындалыды екен. 

  "Құрметті достар! Өздеріңізге мәлім, Елбасының бастамасымен мемлекет басшысы қолға алған дағдарысқа қарсы шараларға қосымша «Birgemiz» қоры мұқтаж қазақстандықтарға қарқынды көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Көмек көрсетудің бірінші және екінші кезеңі аясында 23 қаладағы 360 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден біржолғы төлемақы алды. «Jas Otan» маңына топтасқан 5 мыңнан астам волонтер 240 мың отбасыға азық-түлік себеттерін, медициналық маскалар мен бірінші кезекте қажетті заттарды жеткізіп берді. Халықтың қорғанысы әлсіз бөлігіне жататын 100 мың отбасыға тегін 5 миллион маска үлестірілді" , - дейді  Бауыржан Байбек.

Бұған қоса ол мұны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзі тапсырғанын атап кетті. 

 "Түркістан облысының су басқан ауылдарының тұрғындарына нұротандықтар азық-түлік, киім-кешек, құрылыс материалдары мен жеке гигиена құралдары түрінде 1000 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті. «Birgemiz» қорының қаражаты есебінен Достық ауылының тұрғындары жаңа тұрғын үйлермен қамтамасыз етілетін болады. Кеше Елбасы, партиямыздың лидері Нұрсұлтан Назарбаев 50 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлемақы берудің үшінші кезеңін ұйымдастыруды тапсырды. Осы аптаның өзінде шағын қалалардың, ауылдар мен ірі қалаларға іргелес елді мекендердің мұқтаж тұрғындарынан тұратын 110 мыңдай отбасыға қосымша атаулы қаржылық көмек көрсетілетін болады", - дейді партия өкілі.

Бауыржан Байбектің сөзінше, алдағы уақытта жәрдемақы жағдайы төмен қазақстандықтар үшін төртінші рет төленуі мүмкін екенін жеткізді.   

  "Nur Otan" партиясы мен тұңғыш президент Қорының ұйымдық қолдауымен «Birgemiz» қорының іске асырып жатқан тиімді де ашық жұмысы ірі меценаттардың көкейіне сенім ұялатып отыр. Осылайша таяу уақытта тағы да қосымша қаражат түседі деп күтілуде. Осыны ескерген Елбасы тікелей ауыл тұрғындарына басымдық бере отырып, мұқтаж қазақстандықтарға атаулы көмек көрсетудің төртінші кезеңін іске асыру мүмкіндігін пысықтауды тапсырды", -деді Байбек. 

Еске салайық, бұған дейін "Birgemiz" қорынан 330 мың отбасыға көмек көрсетілгені айтылған еді.
 

banner_wsj.gif

Әлем елдерінің парламентінде гендерлік теңдік сақтала ма?

Соңғы 25 жылда әйелдердің үлесі 2 есе өскен

Фото: Асқар Ахметуллин

Соңғы 25 жылда парламенттегі әйелдердің үлесі екі есе өскен. Халықаралық парламент одағының (Inter-Parliamentary Union) мәліметі бойынша, бүкіл әлемдегі сайланбалы заң шығарушы органдардағы орынның 25 пайызы әйелдерге тиесілі. 

1995 жылдары парламенттегі әйелдердің үлесі бойынша Скандинавия және басқа да дамыған мемлекеттер көшбасшы болып, бірінші орында Швеция тұрған. Қазіргі кезде парламенттегі әйелдер саны бойынша Шығыс Африкада орналасқан Руанда көш бастап тұр. 

Төменгі палатадағы депутаттық 80 орынның 49-ын әйелдер иеленген, соның ішінде 24 орын әу баста-ақ әйел адамдар үшін арнайы квота ретінде бөлінеді. Дүниежүзілік экономикалық форумның байламы бойынша, 2015 жылы Руанда Үкіметі әлемдегі ең нәтижелі биліктің ондығына енген.

Куба Республикасының бір палаталы парламентіндегі 605 депутаттың 322-і – әйелдер, бұл мемлекетте биліктегі әйелдердің үлесі өте жоғары. Одан кейінгі орында Боливия тұр, онда парламен төменгі палатасының 53,3 пайызын әйелдер құрайды. 2019 жылдан республиканы ел тарихындағы алғашқы әйел-президент Жанин Аньес басқарып келеді. 

Ал төртінші орында – Біріккен Араб әмірліктері. Бұл елде парламеттің қызметін ұлттық аймақтық кеңес атқарады, онда президент резолюциясы бойынша әйел адамдарға 50 пайыз квота бөлінген. БАӘ ұлттық кеңесі – заң шығарушы орган емес. Тек заңды талқылау мен оған өзгертулер мен толықтыру енгізуге құқылы. 

Ал Швеция қазір жетінші орынға түсіп кеткен. Ел парламентіндегі әйелдердің үлесін арттыру бағытында соңғы ширек ғасырда Оңтүстік және Солтүстік Америка елдері қарқынды дамыды. Бұл ретте Тынық мұхиты аймағындағы мемлекеттерде алға жылжу аз. Мәселен, Папуа-Жаңа Гвинея және Вануату сынды мемлекеттердің парламентінде әйел адамдар мүлдем жоқ. 

Ал ТМД елдері арасында парламенттегі әйелдер саны бойынша бірінші орында Беларусь келеді, ал әлем елдері арасында –22 орында. Бұл елде парламент төменгі палатасындағы әйел депутаттардың саны 40 пайызды құрайды.

aiel.png

Осы ретте әйелдердің сайлау процесіне қатысуы елдегі саяси еркіндіктің кепілі бола алмайтынын айта кеткен жөн. Айталық, Руанданың өзі Freedom House тұжырымы бойынша, еркіндік рейтингіндегі 100 балдың тек 22-сін жанап, еркіндік жоқ елдердің қатарына кірген. Ал Араб әмірліктеріндегі еркіндік деңгейі 17 баллға бағаланса, Куба Республикасында тіптен төмен – бар-жоғы 14 балл. 

Кейбіл елдерде парламенттегі әйелдер санының артуын арнайы квота енгізілуімен түсіндіруге болады. Парламентаралық кеңестің бас хатшысы Мартин Чунгонг  квота енгізілген елдерде әйелдер өз қабілеттерін барынша көрсете алатынын атап өткен.

Әйелдердің сайлау процесіне қатысуына кепіл берілуі көптеген елдерде өз нәтижесін беріп келеді. Биліктің сайланбалы органдарында әйелдер үшін арнайы квота бөлу тәжірибесі әлемнің 104 елінде қолданылады. 
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg