Елімізде коронавирустың симптомсыз түрі қарқын алуда

Дәрігерлер кеңес берді

Фото: Pixabay

Дәрігерлер COVID-19 симптомсыз түрі бар науқастарға және отбасы мүшелеріне карантинді қалай дұрыс сақтау керегін айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Коронавирустық инфекцияның симптомсыз түрі бар науқас амбулаториялық негізде медициналық бақылаудан өтіп, үйде оқшаулануы керек.


Денсаулық сақтау басқармасымен COVID-19 бар науқастарға арналған тиісті парақшалар таратылды. 


Үй карантиніндегілер келесі ережелерді сақтауы керек: 


1.    Үйден шықпаңыз. 
2.    Түшкіргенде немесе жөтелгенде аузыңыз бен мұрныңызды вирустың таралуын болдырмас үшін бір реттік сүлгімен жабыңыз. Осыдан кейін бірден қолыңызды сабынмен жуыңыз немесе алкогольге негізделген антисептикпен өңдеңіз. Әрқашан тығыз медициналық маска киіп, әр 2 сағат сайын ауыстырыңыз. 
3.    Тамақтану алдында, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуыңыз немесе антисептикпен өңдеңіз. Қолды сүрту үшін бір реттік майлықтарды қолданған дұрыс. 
4.    Жеке ыдыс-аяқ қолданыңыз. 
5.    Егер сізде температура немесе бұзылу белгілері байқалса, сіз карантин туралы хабарлап және шақыру себебін көрсете отырып COVID-19 байланыс орталығына хабарласуыңыз керек немесе жедел жәрдем шақыруыңыз керек. 


Науқасты қашықтан бақылау жүргізіледі. 


Оны қамтамасыз ету үшін: 


1.    Үйде карантинде тұрған адамға смартфонға Smart Astana мобильді қосымшасын орнатыңыз және қосымшаның барлық рұқсаттарын беріңіз (GPS, WIFI, Bluetooth).
2.    «Мен карантиндемін» режимін қосыңыз және үй карантині кезінде оны сөндірмеңіз. 
3.    Телефон үнемі интернетке қосулы болуы керек 
4.    Мобильді қосымша белсенді болуы керек (қосымшаның күйін хабарландыруда немесе күй виджетінде байқауға болады) 
5.    Үйдегі карантин функциясын пайдалану кезінде пайдаланушы GPS, Bluetooth және WIFI режимін өшірмеуі керек. 
Сонымен қатар үй карантині сақталған отбасы мүшелері арнайы нұсқауларды орындауы керек. 
Ұсынылады:
1.    Бөгде адамдардың келуіне жол бермеңіз. Карантин бөлмесіне кірген кезде, аузыңыз бен мұрныңызды жауып тұратын тығыз медициналық маска киюіңіз керек.
2.    Медициналық маска дымқыл немесе кір болып кетсе, оны тез арада жаңасына ауыстыру керек. Медициналық масканы тиісті техниканы қолданып алыңыз, яғни алдыңғы бөлігін ұстамаңыз. 
3.    Күн сайын кемінде 2 рет отбасының әр мүшесі үшін дене температурасын өлшеу. 
4.    Үй-жайларды күніне кемінде 2 рет желдетіңіз. 
5.    Күн сайын дымқыл тазалау жүргізіңіз. 
6.    Қолды жиі сабындап жуыңыз немесе антисептикпен сүртіңіз, қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын майлықтарды қолданған дұрыс. 
7.    Отбасының әр мүшесі жеке ыдыс-аяқты, жеке гигиена құралдарын пайдаланады. 
8.    Түшкіргенде немесе жөтелгенде аузыңыз бен мұрныңызды вирустың таралуын болдырмас үшін бір реттік сүлгімен жабыңыз. Осыдан кейін бірден қолыңызды сабынмен жуыңыз немесе антисептикпен өңдеңіз. 
9.    Егер отбасының кез келген мүшесінде дене қызуы көтерілсе немесе аурудың белгілері болса, сіз тез арада COVID-19 байланыс орталығына қоңырау шалып немесе жедел жәрдем шақырып, карантин туралы хабарлап және шақыру себебін көрсетіңіз.

banner_wsj.gif

Сотталғандар жазасын провизорлық стационарда өтеп жүр

Павлодар облысында шартты түрде сотталғандар дәрігерлерге көмекке келді

Фото: Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз орталығы

31 жастағы павлодарлық Светлана біраз уақыт бұрын шартты түрде сотталып, пробация қызметіне тіркеуге тұрған еді. Кейін оған Павлодар ауданының жұмыспен қамту орталығына жолдама берілген. Соған сәйкес, медициналық білімі әрі осы салада тәжірибесі бар Светлана провизорлық стационарлардың біріне жұмыс істеуге жіберілді. 

«Сотталғанға дейін облыстық ауруханада жұмыс істеп, тәжірибе жинадым. Стационарда қызмет етіп жүргеніме бір аптадан астам уақыт өтті. Негізгі міндетім – пациенттерге күтім жасау», - дейді Светлана. 

Одан бөлек, ол медициналық колледжге құжаттарын тапсырып, білімін одан әрі жетілдірмек ниетте. 

Светлана сияқты Қайрат есімді сотталған азамат та жазасын провизорлық стационарларға көмек көрсету арқылы өтеуде.   

«Облыс орталығындағы ауруханаларға төсект, жиһаз тасып жүрмін. Осы сияқты басқа да жұмыстар жүктеледі. Жаза ретінде белгіленген сағаттарды өтеп қана қоймай, қоғамға пайдамның тиіп жатқанына қуаныштымын. Жазаның осындай түрінің белгіленуі әділ деп есептеймін», – дейді ол. 

Пробация қызметінің бастығы Әсет Мыңжасаровтың айтуынша, еңбектің мұндай түріне тұрақты жұмыс орны жоқ әрі бас бостандығын шектеу жазасы белгіленген сотталғандар тартылады. 

«Пандемияға және пневмонияға шалдыққандар саны күрт артқандықтан, Павлодар облысында қосымша провизорлық стационарлар ашылды. Бұл өз кезегінде қосымша жұмыс күшін қажет етеді. Сондықтан жазасын өтеу жөнінде жолдама алғандар қаладағы ауруханаларға жіберіліп, көмек көрсетуде. Бүгінде сотталған бес азамат осы іске жұмылдырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, жазасын өтеушілер медицина қызметкерлеріне қол ұшын созатын болады»,  – дейді Әсет Мыңжасаров. 

Айта кетелік, Павлодар облысының аумағында қосымша провизорлық стационарлар мен триаж-орталықтар ашылғалы бері дәрігерлердің, медициналық қызметкерлердің аздығы қатты сезіле бастады. Осы уақытқа дейін денсаулық сақтау саласының ардагерлері, жеке емханалардың қызметкерлері, медициналық жоғары оқу орнын тәмамдаған түлектер, барлығы 200-ден астам адам дәрігерлерге көмекке келді. Жүктемені азайтып, пациенттерді сапалы ем-дом көрсету үшін тағы 400-ге жуық адам керек. Олардың барлығына белгіленген тарифтік көрсеткіштер бойынша қаражат төленетін болады. 

 

 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер