Елімізде  16 баласы бар отбасы  177 792 теңге мөлшерінде жәрдемақы алады

Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы мөлшері өзгерді

Фото: Shutterstock



Жыл басынан бері Қазақстанда көпбалалы отбасыларға арналған жеке жәрдемақыны 400 мыңға жуық отбасы алды. Бұл туралы Еңбек ресурсын дамыту орталығы хабарлады.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда көпбалалы отбасыларға арналған жеке жәрдемақы енгізілді. Аталмыш жәрдемақы – төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасыларға арналған. Мемлекеттен берілетін көмектің мөлшері бала санына байланысты. Мәселен, төрт және жеті баласы бар отбасылар 44 448 теңгеден 77 784 теңгеге дейін ала алады. Бұл жәрдемақы елімізде 392 мың отбасына төленді.

Алайда, қолданыстағы ережелер жәрдемақы алушылардың белгілі бір санатының мүдделеріне нұқсан келтірді. Себебі, 16 баласы бар отбасы 7 баласы бар отбасы сияқты жердемақы мөлшерін алатын. 

«Аталмыш олқылықты жою үшін Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 13 мамырында 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға арнайы жәрдемақы мөлшерін белгілеген заңға қол қойды. Сонымен, 8 балалы отбасы үшін жәрдемақы – 88 896 теңге, 9 балаға – 100 008 теңге, 10 балаға – 111 120 теңге, 11 балаға – 122 232 теңге, 12 балаға – 133 344 теңге, 13 балаға – 144 456 теңге, 14 балаға – 155 568 теңге, 15 балаға – 166 680 теңге, 16 балаға – 177 792 теңге мөлшерінде белгіленген».

Бүгінде ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінің шемімімен жәрдемақы мөлшерін ұлғайту бойынша 1092 істі бекітті.

Бала санының өзгеруіне байланысты, оның ішінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім нысанының күндізгі бөлімінде оқитын (23 жасқа дейін) балаларды есепке ала отыра жәрдемақы мөлшері қайта есептеледі.

2020 жылғы шілде айынан бастап көпбалалы отбасылар мөлшері өзгертілген жәрдемақыны ала бастайды.
 

banner_wsj.gif

Сотталғандар жазасын провизорлық стационарда өтеп жүр

Павлодар облысында шартты түрде сотталғандар дәрігерлерге көмекке келді

Фото: Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз орталығы

31 жастағы павлодарлық Светлана біраз уақыт бұрын шартты түрде сотталып, пробация қызметіне тіркеуге тұрған еді. Кейін оған Павлодар ауданының жұмыспен қамту орталығына жолдама берілген. Соған сәйкес, медициналық білімі әрі осы салада тәжірибесі бар Светлана провизорлық стационарлардың біріне жұмыс істеуге жіберілді. 

«Сотталғанға дейін облыстық ауруханада жұмыс істеп, тәжірибе жинадым. Стационарда қызмет етіп жүргеніме бір аптадан астам уақыт өтті. Негізгі міндетім – пациенттерге күтім жасау», - дейді Светлана. 

Одан бөлек, ол медициналық колледжге құжаттарын тапсырып, білімін одан әрі жетілдірмек ниетте. 

Светлана сияқты Қайрат есімді сотталған азамат та жазасын провизорлық стационарларға көмек көрсету арқылы өтеуде.   

«Облыс орталығындағы ауруханаларға төсект, жиһаз тасып жүрмін. Осы сияқты басқа да жұмыстар жүктеледі. Жаза ретінде белгіленген сағаттарды өтеп қана қоймай, қоғамға пайдамның тиіп жатқанына қуаныштымын. Жазаның осындай түрінің белгіленуі әділ деп есептеймін», – дейді ол. 

Пробация қызметінің бастығы Әсет Мыңжасаровтың айтуынша, еңбектің мұндай түріне тұрақты жұмыс орны жоқ әрі бас бостандығын шектеу жазасы белгіленген сотталғандар тартылады. 

«Пандемияға және пневмонияға шалдыққандар саны күрт артқандықтан, Павлодар облысында қосымша провизорлық стационарлар ашылды. Бұл өз кезегінде қосымша жұмыс күшін қажет етеді. Сондықтан жазасын өтеу жөнінде жолдама алғандар қаладағы ауруханаларға жіберіліп, көмек көрсетуде. Бүгінде сотталған бес азамат осы іске жұмылдырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, жазасын өтеушілер медицина қызметкерлеріне қол ұшын созатын болады»,  – дейді Әсет Мыңжасаров. 

Айта кетелік, Павлодар облысының аумағында қосымша провизорлық стационарлар мен триаж-орталықтар ашылғалы бері дәрігерлердің, медициналық қызметкерлердің аздығы қатты сезіле бастады. Осы уақытқа дейін денсаулық сақтау саласының ардагерлері, жеке емханалардың қызметкерлері, медициналық жоғары оқу орнын тәмамдаған түлектер, барлығы 200-ден астам адам дәрігерлерге көмекке келді. Жүктемені азайтып, пациенттерді сапалы ем-дом көрсету үшін тағы 400-ге жуық адам керек. Олардың барлығына белгіленген тарифтік көрсеткіштер бойынша қаражат төленетін болады. 

 

 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер