Елімізде 15 млн. шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланды 

Биыл 39 мыңнан астам отбасы тұрғын үймен қамтылмақ

Фото:Shutterstock

Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруда. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.

Соңғы 3 жылда бағдарлама шеңберінде 36,8 млн. шаршы метр тұрғын үй немесе 330 мыңнан астам тұрғын үй салынды. Бір тұрғынға тұрғын үйді іске қосу көрсеткіші 0,71 шаршы метрге жетті. Бұл - ТМД елдері (Ресей - 0,54 шаршы метр, Беларусь - 0,43 шаршы метр, Өзбекстан - 0,42 шаршы метр) арасындағы ең жоғары көрсеткіш және дамыған елдер деңгейіне жақын.

Өткен жылы елімізде 13,1 млн. шаршы метр жаңа тұрғын үй салынды. Тұрғын үй жағдайын 116 мың отбасы жақсартты. Әлеуметтік жағдайы төмен 11 мың отбасы және мегаполис-қалаларда жұмыс істейтін 3 мың жас әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 10 мыңға жуық отбасы қолжетімді бағамен әлеуметтік несиелік тұрғын үй сатып алды. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 5 мың отбасы тұрғын үй алды. Бұл -  көпбалалы, толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар отбасылар.

Биыл 15 млн. шаршы метр тұрғын үй салу (150 мың тұрғын үй) және 39 мыңнан астам отбасын мемлекеттік қолдаумен қамту жоспарлануда. Жыл басынан бері ауданы 3,1 млн. шаршы метр тұрғын үй объектілері пайдалануға берілді, бұл шамамен 25 мың тұрғын үй.

banner_wsj.gif

Сотталғандар жазасын провизорлық стационарда өтеп жүр

Павлодар облысында шартты түрде сотталғандар дәрігерлерге көмекке келді

Фото: Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз орталығы

31 жастағы павлодарлық Светлана біраз уақыт бұрын шартты түрде сотталып, пробация қызметіне тіркеуге тұрған еді. Кейін оған Павлодар ауданының жұмыспен қамту орталығына жолдама берілген. Соған сәйкес, медициналық білімі әрі осы салада тәжірибесі бар Светлана провизорлық стационарлардың біріне жұмыс істеуге жіберілді. 

«Сотталғанға дейін облыстық ауруханада жұмыс істеп, тәжірибе жинадым. Стационарда қызмет етіп жүргеніме бір аптадан астам уақыт өтті. Негізгі міндетім – пациенттерге күтім жасау», - дейді Светлана. 

Одан бөлек, ол медициналық колледжге құжаттарын тапсырып, білімін одан әрі жетілдірмек ниетте. 

Светлана сияқты Қайрат есімді сотталған азамат та жазасын провизорлық стационарларға көмек көрсету арқылы өтеуде.   

«Облыс орталығындағы ауруханаларға төсект, жиһаз тасып жүрмін. Осы сияқты басқа да жұмыстар жүктеледі. Жаза ретінде белгіленген сағаттарды өтеп қана қоймай, қоғамға пайдамның тиіп жатқанына қуаныштымын. Жазаның осындай түрінің белгіленуі әділ деп есептеймін», – дейді ол. 

Пробация қызметінің бастығы Әсет Мыңжасаровтың айтуынша, еңбектің мұндай түріне тұрақты жұмыс орны жоқ әрі бас бостандығын шектеу жазасы белгіленген сотталғандар тартылады. 

«Пандемияға және пневмонияға шалдыққандар саны күрт артқандықтан, Павлодар облысында қосымша провизорлық стационарлар ашылды. Бұл өз кезегінде қосымша жұмыс күшін қажет етеді. Сондықтан жазасын өтеу жөнінде жолдама алғандар қаладағы ауруханаларға жіберіліп, көмек көрсетуде. Бүгінде сотталған бес азамат осы іске жұмылдырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, жазасын өтеушілер медицина қызметкерлеріне қол ұшын созатын болады»,  – дейді Әсет Мыңжасаров. 

Айта кетелік, Павлодар облысының аумағында қосымша провизорлық стационарлар мен триаж-орталықтар ашылғалы бері дәрігерлердің, медициналық қызметкерлердің аздығы қатты сезіле бастады. Осы уақытқа дейін денсаулық сақтау саласының ардагерлері, жеке емханалардың қызметкерлері, медициналық жоғары оқу орнын тәмамдаған түлектер, барлығы 200-ден астам адам дәрігерлерге көмекке келді. Жүктемені азайтып, пациенттерді сапалы ем-дом көрсету үшін тағы 400-ге жуық адам керек. Олардың барлығына белгіленген тарифтік көрсеткіштер бойынша қаражат төленетін болады. 

 

 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер