Биылғы 5 айда Атырау облысында 1467 тұрғын үй пайдалануға берілді

Пәтер кезегінде 28 мыңнан астам тұрғын тұр

Фото: ҚР ИИДМ

Қазір Атырау облысында пәтер кезегінде 28 мыңнан астам тұрғын тұр. Биыл солардың 7 мыңға жуығының баспана мәселесі шешіледі. Осы мақсатта ағымдағы жылдың 5 айында қаржыландырудың барлық көздері есебінен үй құрылысына 12,9 млрд.теңге инвестиция бағытталды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 


«Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биыл өңірде сатып алу құқығынсыз 157 пәтер жалға беріледі. Мұндай мүмкіндік халықтың аз қамтылған осал топтары мен көп балалы отбасыларына арналған. Ал кредиттік тұрғын үйге биыл 500-ге жуық тұрғын қол жеткізбек. Бұл бағыттағы баспана құрылысына 5 млрд. теңге қаражат қарастырылған.

 
Бұдан басқа, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2%-дық несие берілетін «Бақытты отбасы» бағдарламасын іске 2020 жылы республикалық бюджеттен 239 тұрғын үй қарызына 2,4 млрд. теңге бөлінеді. 
Ал тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу үшін 39 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Бұл мақсатқа 10,3 млрд. теңге қаражат бөлінді. 


Сонымен қатар, биыл Атырау облысында баспана құрылысы жұмыстарына 2 мыңға жуық адамды тарту жоспарланған. Жалпы жыл басынан өңірде 1 467 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның – 975 жеке үй.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Ертіс ерекше қорғауға алынбақ

Экологтар қоршаған ортаны ластайтын зауыт салмауды ұсынды

Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысының қоғамдық бірлестіктерінің бір топ өкілі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевпен жүздесіп, өзекті мәселелерді ортаға салды. 

Алдымен, экологтар облыс бойымен өтетін Ертіс өзеніне ерекше мәртебе беріп, оны қорғауға алу қажеттігін алға тартты. «Эком» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Могилюктың айтуынша, бүгінде жасыл белдеу саналатын өзен мақсатсыз пайдалануда.  

Екінші мәселе – қоршаған ортаға қалдық шығаратын зауыттардың құрылысына тыйым салу. 

«Біз зиянды қалдықтар шығаратын жаңа кәсіпорындардың салынбауы үшін шаралар қолдануды сұраймыз. Көп жағдайда аймақтағы өндіріс орындарында ескірген технологиялар қолданылады. Олар да қоршаған ортаға залалын тигізбей қоймайды. Осы уақытқа дейін салынған зауыттардың өзі жетер. Экономикалық тиімділіктен бұрын экологиялық ахуалды ойлайтын кез жеткен сыңайлы», - деді Светлана Могилюк. 

Өз кезегінде Мағзұм Мырзағалиев қоғам белсенділері көтерген әр мәселе назарға алынатынына әрі тиісті шаралардың қолға алынатынына сендірді. 

«Павлодар облысы негізгі ластаушылардың бірі екені жасырын емес. Елімізде ауаға шығарылатын қалдықтардың 30 пайызы дәл осы өңірге тиесілі. Сондықтан экологтар көтеріп отырған мәселелер орынды. Біріншіден, зауыт басшылықтарымен қалдықтардың көлемін азайтатын жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыс істеу керек. Екіншіден, жасыл желекті айтарлықтай көбейту қажет. Үшіншіден, Ертіс өзеніне ерекше мәртебе беру бастамасын қолдаймыз және осы бағытта жұмыс істейміз», - деп түйіндеді министр. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg