Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады 

 Енді  түлектерге тест тапсыру орындарында калькуляторлар берілетін болды

Фото: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында Ұлттық бірыңғай тестілеуді жаңа жағдайда өткізуге дайындық мәселесі қаралды. Дайындық жұмыстары туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баяндады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу биыл 17 рет өткізіледі. Осы кезең аралығында тестілеуге 2 млн-ға жуық адам қатысты.

А. Аймағамбетов атап өткендей, 2019 жылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі (қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында). ҰБТ форматы өзгертілген жоқ, 5 пән бойынша қағаз түрінде: 3 міндетті және 2 бейіндік пән бойынша өткізіледі. Барлық тест тапсырмаларының саны – 120, максималды балл – 140.анды.

 "Осы жылы өтініштер онлайн форматта, сондай-ақ, өтініштерді қабылдау пункттерінде қабылдау жолымен қабылданды (интернеті жоқ немесе әлсіз жылдамдықтағы интернеті бар қашықта орналасқан ауылдық өңірлер үшін). Осы жылы ҰБТ-ға қатысу үшін 111 мың адам өтініш білдірді, өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға жоғары", — деді білім және ғылым министрі.

ҰБТ-ға қатысу үшін барлығы 131 755 өтініш тіркелді, оның ішінде 110 678 өтініш онлайн форматта және 21 077 өтініш қабылдау пункттерінде қабылданды.

«ҰБТ бекітілген мерзімде 20 маусымнан 5 шілдеге дейін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатал түрде сақтау арқылы 161 ҰБТ өткізу пункттерінің базасында өткізіледі», — деді А. Аймағамбетов. 

Биыл ҰБТ тапсыру ережесіне енгізілетін жаңашылдықтар:

*ҰБТ электрондық сертификатын және білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлікті

*SAT, ACТ және IB халықаралық стандартталған тесттерінің балдарын ҰБТ балына аудару шкаласын енгізу. Көрсетілген сертификаттарға ие тұлғалар ҰБТ тапсырудан босатылады және білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса алады; 

*академиялық кезең аяқталғанға дейін қабылданған, ҰБТ шектік балын жинамаған түлектер жыл ішінде ҰБТ тапсыру мүмкіндігіне ие;

*педагогикалық даярлау бағытына түсушілер үшін ҰБТ шектік балын 70 балға көтеру;

*ҰБТ өткізу бейнежазбасының сараптамасын өткізу және оқуға түсушілердің тыйым салынған заттарды қолданғаны анықталған жағдайда ҰБТ нәтижесін, сондай-ақ, білім беру грантын жою;

Сондай-ақ түлектерге тест тапсыру орындарында калькуляторлар берілетін болады және тестілеу уақыты 3 сағат 50 минуттан 4 сағатқа өзгертілетін болады. 

Бұған қоса ата-аналарға және басқа алып жүруші тұлғаларға балаларды ҰБТ өткізу пункттерінде күтуге тыйым салынады.

   «Ата-аналарға ҰБТ өткізу барысын қарау үшін онлайн таратылым жасалады. ҰБТ өткізу пункттері баррикадалық ленталармен қоршалады. ҰБТ өткізу пункттеріне кіру тәртібі тестіленушілердің арасында 2 метр қашықтық сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл қашықтық ҰБТ тапсыру кезінде де сақталады. Ғимаратқа кіру есіктері және ҰБТ өткізу процесі видеобақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі», — деді білім және ғылым министрі. 

161 ҰБТ өткізу пункттерінде 50% толтырумен 1200 аса аудитория іске қосылады. Коронавирус инфекциясының таралу қауіпін азайтуға арналған зарарсыздандырудың 5 шарасы қолданылады: 

*тест тапсырушыларды зарарсыздандыру тоннельдерінен өткізу; 

*аяқ-киімдерді арнайы зарарсыздандыру кілемшелерімен өңдеу; 

*қолды санитайзермен тазалау; 

*дене қызуын өлшеу; 

*бір реттік маскаларды беру. 

ҰБТ өткізу кезінде тест тапсырушыға ұялы байланыс құралдарын және басқа да радиоэлектрондық байланыс құралдарын кіргізуге тыйым салынады. 

 «Тестілеу материалдары 100% басып шығарылды, барлық аудиториялар бейне бақылаумен және ұялы байланысты 100% басатын құрылғылармен жабдықталды. ҰБТ өткізу пункттерінде бейне көрсетілімі бар мониторлар орнатылды. Мемлекеттік және апелляциялық комиссияның құрамы бекітілді», — деді А. Аймағамбетов. 

Өңірлердің Бас санитарлық дәрігерлерімен келісілген қатал санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау және ҰБТ-ға кіру кезі мен өткізу барысында тестіленушілердің арасында 2 метр қашықтықты сақтай отырып ҰБТ тапсыру жоспары әзірленді.
 

banner_wsj.gif

Жалдамалы жұмысшылар өз бетінше өтініш бере алмайды. Министр Нұрымбетов 42 500 теңгені төлеу тәртібін түсіндірді

Шілде айында бір жолғы төлем жасалмақ

Фото:gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мемлекет басшысының 42 500 теңге мөлшерінде мұқтаж азаматтарға біржолғы көмек көрсету туралы тапсырмасын орындауға байланысты брифинг өткізді. 

    Министрдің айтуынша, ақысыз еңбек демалысында жүрген немесе карантинге байланысты енгізілген шектеу шаралары кесірінен табысынан айырылған азаматтар ең төменгі жалақы көлеміндегі жәрдемақыны ала алады. 

    «Біржолғы төлемді алуға ақысыз еңбек демалысына жіберілген жалдамалы жұмысшылар, жеке кәсіпкерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар өтініш бере алады. Қазір министрлік біржолғы төлемді жүзеге асыру тәртібін жасап жатыр. Жұмадан бастап азаматтар өтініш бере алады. Ал дүйсенбі, 20 шілдеден бастап біз азаматтарға бұл төлемді төлей бастауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ бейресми түрде өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар қайтадан бірыңғай жиынтық төлемді төлемесе болады» деді министр. 

    Біржан Нұрымбетов ТЖ режимі кезіндегідей емес, қазір біраз мекемелердің жұмыс істеп жатқанын және әр өңірдің бас санитар дәрігерлері де әртүрлі шешім қабылдап жатқанын да айтты. Министрлік шешімі де осындай өзгерістерге негізделмек. 

    «Өткен жолғы төлем кезіне қарағанда бір өзгеріс – осы жолы жалдамалы жұмысшылар үшін өтінішті олардың жұмыс берушісі ғана бере алады. Ол ақысыз демалысқа жібергенін растап, жұмысшылары атынан 42 500 теңге алуға өтініш жібереді. Сол үшін 1-2 күн ішінде жұмыс берушілерге арнап порталда ыңғайлы сервис (қызметкерлерінің тізімін, тиісті мәліметтерін енгізу үшін) жасаймыз. Өтініш қанағаттандырылды ма, жоқ па деген сауалдың жауабын жұмысшылар порталға кіріп, анықтай алады» деді. 

    Министрдің айтуынша, әр өңірдегі арнайы штабтар сол өңірдегі кәсіпорынның жұмысы тоқтағанын немесе жалғасып жатқанын анықтап отырады. 

«Олар әр мекеменің, әр кәсіпкердің бүгінгі жағдайын біледі. Сол кісілер «иә, біздің ауданда карантиндік шектеулермен, санитарлық дәрігердің шешімімен бұл мекеме, бұл жеке кәсіпкердің қызметі тоқтаған» деп белгі соғып отырады. Басқа талап болмайды. Әрине, ЖСН дұрыстығын, адам бар ма, әлде көшіп кетті ме біз оны тексере аламыз. Бірақ жұмысшы жағдайын жұмыс беруші ғана жақсы біледі. Ешқандай жарналардың бар-жоғын талап етпейміз. Мәселен, өткен жолы жалдамалы жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер (заң бойынша жарна төлемейді) қалып қалды. 2-3 жұмыс істеген азаматтарды да растай алмай қалдық. Осындай мәселелердің бәрі осы жолы шешіледі деп ойлаймын. Жеке кәсіпкерлерден де жарналар төлеуін талап етпейміз. Штабтармен қатар салық комитеті де жеке кәсіпкерлерді тексереді. Өткен жолы өкінішке қарай, жұмысы жүріп тұрған 40 мыңға жуық жеке кәсіпкер 42 500 теңгені алған. Сондықтан екінші төлемдерінің тоқтағанын, біздің бас тартуымыздың себептерінің бірі осы болған» деді ведомство басшысы. 

Сонымен қатар министр егер мүгедектік мерзімі шектеу шараларына тұспа-тұс келіп қалса, онда оның уақыты (29 мың теңге мөлшеріндегі мемлекеттік жәрдемақысымен қоса) автоматты түрде 3 айға созылатынын да айтты. 

Сондай-ақ шілде айында көмекке мұқтаж отбасылардың азық-түлік алуы үшін мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетіледі. Министр бұл көмекке мұқтаж топтар ретінде – аз қамтылған отбасы, мүгедектер, қамқоршы-ата-ана, мүгедек бала бағып отырған ата-ана және жұмыссыз ретінде ресми тіркелген категориядағы адамдарды атады. Ондай адамдар саны – 1 млн 50 мың. 
    42 500 теңгені алуға өтініштер 
•    42500.enbek.kz; 
•    e-gov порталы; 
•    telegram-бот каналы арқылы қабылданады. 
Министрлік мәліметінше, сәуір айында еліміз бойынша 4,2 млн адам жұмыстан шығып қалған. Мамыр айында ТЖ режимі аяқталған соң жұмыссыз адам саны 1 млн 145 мыңға төмендеген. Маусым айында – 735 мың. Шілде айында жұмыссыз адам саны қайтадан 1 млн-ға жетуі мүмкін дейді ведомство басшысы. 

    «Біз әр өңірдің санитарлық дәрігерінің шешіміне орай әрекет етеміз. Өңірде қандай кәсіпорынның жұмысы шектелді? Қанша адам жұмыспен қамтылған? «Атамекен» ҰКП-мен бірігіп тұрақты сауалнама жүргіземіз. Сол арқылы қай кәсіпорын жұмысын тоқтатты, кім жұмысшыларын ақысыз демалысқа жіберді дегенді анықтаймыз. Сондықтан қанша адамның жұмыссыз қалғанын оңай анықтаймыз» дейді Нұрымбетов. 

    Министр осы жолы біржолғы төлемді студенттер ала ма деген сауалға да жауап берді. 

    «42 500 теңгеге қатысты «студенттер» деген бөлек санат жоқ. Студенттің студент болғаны үшін 42 500 теңге өткен жолы да төленген жоқ, бұл жолы да солай. Студент те жалдамалы жұмысшы, жеке кәсіпкер немесе өзін-өзі жұмыспен қамтушы санатына жатуы мүмкін. Біз алдағы екі күнде төлем тәртібін толық пысықтаймыз. Бірақ өткен жолғы төлем тәжірибесі кезінде бізге тиісті органдар тарапынан «студенттерге төлем беру заңсыз» деген әңгіме айтылды. Ресми еңбек нарығына қатысты заңнамада «экономикалық белсенді халық» деген түсінік бар. Сол бойынша, студенттер «экономикалық белсенді халыққа» жатпайды. Екіншіден, жұмыспен қамту заңнамасы бойынша студенттерді жұмыссыз ретінде тіркеуге болмайды. Үшіншіден, медициналық сақтандыру заңы бойынша студенттерге медсақтандыру жарналарын мемлекет төлеп береді, себебі олар жұмыс істемейтін азаматтар болып саналады. Осыларды заңгерлер айтып, студенттерге төлем жасау заңға қайшы деген ойлар айтты. Алдағы екі күнде нақты шешім шығады. Егер студент ресми түрде жалдамалы қызметкер болса, жұмыс берушісі ол үшін өтініш берсін. Онда еш проблема болмайды. Жеке кәсіпкер болса, сол санаты арқылы алады. Ал өзін-өзі қамтып, ай сайын бірыңғай жиынтық төлемін төлеп жүрсе де, 42 500 теңгені алады. Ең бастысы, оның әлеуметтік мәртебесі осы үш санаттың біріне сай келуі тиіс» деді Біржан Нұрымбетов. 

    Сондай-ақ министр атаулы әлеуметтік көмекті алу мүмкіндігі III тоқсанда автоматты түрде созылғанын, қазір 128 мың отбасы АӘК алып отырғанын да айтты.

Абай Аймағамбет
    
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg