Биыл түсірілетін фильмдердің тізімі белгілі болды

Оларды мемлекет қаржыландырады

Фото: Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ақпараты бойынша Сараптамалық кеңестің оң шешімінің негізінде және ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның ұсынысы бойынша екінші питчингке қатысқан 42 киножоба ұлттық фильмдерді өндірудің тақырыптық жоспарына енгізілді.  Бұл туралы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы хабарлады.

Екінші питчингке 223 сұраным түскенін еске саламыз. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жанындағы Сараптамалық кеңестің мүшелері 88 жобаның авторын алғаш рет онлайн-режимде өткен қорғауға жіберді. Өткізілген питчинг нәтижесінде Сараптамалық кеңес 58 киножобаны іріктеп, Ведомствоаралық комиссияға талқылауға ұсынды.

Мемлекеттік қаржыландыруға үміткер фильмдердің ақырғы тізімі келесі жобалардан тұрады:

Деректі фильмдер:

"Серикбол Кондыбай. Воин духа" (Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм" АҚ)
"Батыры Великой Отечественной: Рахимжан Кошкарбаев, Григорий Булатов" ("2-М" ЖШС)
"Природа Казахстана: Устюртский заповедник" (Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” АҚ)
"Горящий октябрь 1941-го" ("GrandControl" ЖШС)
"Последний рубеж" ("FreshMind (ФрэшМайнд)" ЖШС)
"Властительницы Евразии" ("Мерген Студиясы" ЖШС)
«Қыз Жібек: рецепт любви и успеха» («Қыз-Жібек» қайырымдылық қоры” Қоғамдық қоры)
"Қасым Джакибаев" (Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” АҚ )
"Бату. Исторический детектив" ("Cinegram" ЖШС)
Авторлық/артхаустық фильмдер:
"Ауыл" к/ф ("Мерада" ЖШС)

Халықаралық өнім:

"Олиара" к/ф (Қазақстан Республикасы - Венгрия) - Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” АҚ
"Көкбозат" к/ф (Қазақстан Республикасы – Татарстан Республикасы, Ресей Федерациясы) - "Almapictures" ЖШС (Қазақстан), "Татаркино" МБММ (Татарстан Республикасы, Ресей Федерациясы)

Көркем фильмдер:

"Ақ боз үй" ("Asau Art Films" ЖШС)
"Мама - я живая!" ("Асау - Ат" ҚҚ)
"Адам и Алма" (“567 Creative Laboratory” ЖШС)
"Боран" ("NRK Production" ЖШС)
"Дос Мукасан" ("Aray Media Group" ЖШС)
"Лето 1941-го" ("Медетфильм" ЖШС)
"Хирург" ("Ардфильм" ЖШС)
"Билет из рая" ("Притяжение" ЖШС)

Анимациялық фильмдер:

"Алтын адам" (Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” АҚ)
"Кенже қыз" ("Aday Production анимациялық студиясы" ЖШС)
"Колыбельная" ("Dala animation" ЖШС)
“Караван Историй" анимациялық хикаясы ("Ырысы Ақ Қазақстан" ЖШС)
"Еркетай" ("Art Maral" ЖШС)

Қысқа метражды фильмдер:

"Таутай -лақ" (Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” АҚ)
"Құс" ("Studio БІР" ЖШС)
"Слезы недорого" ("InDJAZ-Co" ЖШС)
"Горячее озеро" (Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” АҚ)
"Самый долгий день лета" (Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” АҚ)
"Көше ақыны" (Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” АҚ)
"На Восток от Рая" ("InDJAZ-Co" ЖШС)
"Рух" (Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” АҚ)
"Граната" (Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” АҚ)

Абай Құнанбаевтың 175-жылдық мерейтойына орай түсірілген фильмдер:

"Слова назидания Абая" д/ф (ҚР Президентінің ТРК) 

Дебюттік фильмдер:

"Возвращения Моря" д/ф (Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” АҚ)
"Бауырына салу” к/ф ("Askhatfilm" ЖШС)
"Паралимпиец" к/ф (ЖК "Bairakimov & Kairzhanova Presents")
"Братья" к/ф ("GoldenManmedia" ЖШС)
"Молочная девочка" к/ф ("Н-Point" ЖШС) 


"Алыстағы ағайын" байқауы бойынша фильмдер:

"Номады 21 века" д/ф (Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” АҚ)
"Алыстағы ағайын" д/ф ("Сан-Али" ЖШС)
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шарт жасасу үшін Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына келу қажеттігін еске саламыз.


 

banner_wsj.gif

Сотталғандар жазасын провизорлық стационарда өтеп жүр

Павлодар облысында шартты түрде сотталғандар дәрігерлерге көмекке келді

Фото: Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз орталығы

31 жастағы павлодарлық Светлана біраз уақыт бұрын шартты түрде сотталып, пробация қызметіне тіркеуге тұрған еді. Кейін оған Павлодар ауданының жұмыспен қамту орталығына жолдама берілген. Соған сәйкес, медициналық білімі әрі осы салада тәжірибесі бар Светлана провизорлық стационарлардың біріне жұмыс істеуге жіберілді. 

«Сотталғанға дейін облыстық ауруханада жұмыс істеп, тәжірибе жинадым. Стационарда қызмет етіп жүргеніме бір аптадан астам уақыт өтті. Негізгі міндетім – пациенттерге күтім жасау», - дейді Светлана. 

Одан бөлек, ол медициналық колледжге құжаттарын тапсырып, білімін одан әрі жетілдірмек ниетте. 

Светлана сияқты Қайрат есімді сотталған азамат та жазасын провизорлық стационарларға көмек көрсету арқылы өтеуде.   

«Облыс орталығындағы ауруханаларға төсект, жиһаз тасып жүрмін. Осы сияқты басқа да жұмыстар жүктеледі. Жаза ретінде белгіленген сағаттарды өтеп қана қоймай, қоғамға пайдамның тиіп жатқанына қуаныштымын. Жазаның осындай түрінің белгіленуі әділ деп есептеймін», – дейді ол. 

Пробация қызметінің бастығы Әсет Мыңжасаровтың айтуынша, еңбектің мұндай түріне тұрақты жұмыс орны жоқ әрі бас бостандығын шектеу жазасы белгіленген сотталғандар тартылады. 

«Пандемияға және пневмонияға шалдыққандар саны күрт артқандықтан, Павлодар облысында қосымша провизорлық стационарлар ашылды. Бұл өз кезегінде қосымша жұмыс күшін қажет етеді. Сондықтан жазасын өтеу жөнінде жолдама алғандар қаладағы ауруханаларға жіберіліп, көмек көрсетуде. Бүгінде сотталған бес азамат осы іске жұмылдырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, жазасын өтеушілер медицина қызметкерлеріне қол ұшын созатын болады»,  – дейді Әсет Мыңжасаров. 

Айта кетелік, Павлодар облысының аумағында қосымша провизорлық стационарлар мен триаж-орталықтар ашылғалы бері дәрігерлердің, медициналық қызметкерлердің аздығы қатты сезіле бастады. Осы уақытқа дейін денсаулық сақтау саласының ардагерлері, жеке емханалардың қызметкерлері, медициналық жоғары оқу орнын тәмамдаған түлектер, барлығы 200-ден астам адам дәрігерлерге көмекке келді. Жүктемені азайтып, пациенттерді сапалы ем-дом көрсету үшін тағы 400-ге жуық адам керек. Олардың барлығына белгіленген тарифтік көрсеткіштер бойынша қаражат төленетін болады. 

 

 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер